Indesit H6TMD6AF (X) RU Instruction for Use Page 35

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 48
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 34
35
KZ
Пештің артқы
жағына немесе
бүйірлеріне 200 мм-ден
жақын жерге жалюзи
орнатпаңыз.
Қалқалар
қатысты пайдалану
нұсқаулығындағы
нұсқауларға сәйкес
орнатылуы тиіс.
Түзулеу
Құрылғыны түзулеу қажет
болса, плита түбінің әрбір
бұрышындағы орындарына
реттелетін аяқтарын бұраңыз
(суретті қараңыз).
Аяқтар плита түбінің астынғы
жағындағы тесіктерге
кигізіледі.
Токқа жалғау
Құрылғының негізгі деректер кестесінде көрсетілген
жүктемеге сәйкес стандартты штепсельдік ұшты
орнатыңыз (Техникалық деректер кестесін
қараңыз).
Құрылғы тікелей электр желісіне құрылғы мен электр
желісі арасында орнатылған 3 мм ашық кішкене
байланыс бар бірнеше каналды айырыпосқыш
арқылы қосылуы қажет. Айырып-қосқыш көрсетілген
жүктемеге лайықты және ағымдағы ток реттеуіне сәйкес
болуы қажет ерге қосылған сым айырыпосқыштан
ажыратылмауы тиіс). Электр кабелін кез келген нүктесі
50°Cан жоғары температурамен байланыспайтындай
етіп орналастыру қажет.
Құрылғыны токқа қоспастан бұрын төмендегілерді
тексеріңіз:
Құрылғы жерге қосылған және штепсельдік ұш заңға
сәйкес болып табылады.
Розетка деректер тақтасында көрсетілген
құрылғының ең жоғарғы күшіне төзімді.
Кернеу деректер тақтасында көрсетілген мәндер
аралығында.
Розетка құрылғының штепсельдік ұшына сәйкес
келеді. Розетка штепсельдік ұшқа сәйкес болмаса,
өкілетті маманнан оны ауыстырып беруді өтініңіз.
Бірнеше розеткалар мен ұзартқыш сымдарын
пайдаланбаңыз.
СОРҒЫШ
Мин.
420
мм.
Мин.
420
мм.
сорғышпен мин. 650 мм.
сорғышсыз мин. 700 мм.
600
Min. mm.
! Құрылғы орнатылғаннан кейін электр кабелі мен
розетка жақын жерде болуы қажет.
! Кабель иілмеуі немесе қысылмауы қажет.
! Кабель жиі тексеріліп, тек өкілетті маманның
көмегімен ғана алмастырылуы тиіс.
! Қауіпсіздік шаралары сақталмаған жағдайда
өндіруші жауапкершілікті өз мойнына алудан бас
тартады.
Газды жалғау
Газ құбырына немесе газ баллонына ағымдағы
ұлттық заңдарға сәйкес және құрылғыны берілетін
газ түрімен қолдануға болатынына көз жеткізгеннен
кейін иілгіш резеңке немесе болат түтікпен жалғау
керекақпақтағы сипаттар тақтасын қараңыз: сәйкес
болмаса, төменде берілген ақпарратты қараңыз).
Баллоннан сұйық газды пайдаланғанда, ағымдағы
ұлттық заңнамаларға сәйкес келетін қысым
реттегішін орнатыңыз. Жалғауды жеңілдету үшін
газ жеткізу түтігін бұруға болады*: түтік тұтқышының
қалпын қақпақшаның қалпынан қарама-қарсы
бұрып, құрылғымен бірге берілетін тығындағышты
ауыстырыңыз.
! Газ беру қысымы Оттық пен форсункалар
сипаттарының кестесінде көрсетілген мәндерге
сәйкес келетінін тексеріңіз (төмендегі мәтінді
қараңыз). Бұл қуатты тиімді түрде жұмсап,
құрылғыңыздың қауіпсіз әрі ұзақ жұмыс істеуін
қамтамасыз етеді.
Майысқақ резеңке түтікпен газды жалғау
Түтік ағымдағы ұлттық заңдарға сәйкес келетініне
көз жеткізіңіз. Түтіктің ішкі диаметрі келесідей болуы
тиіс: сұйық газ үшін 8 мм; метан үшін 13 мм.
Жалғау орындалғаннан кейін түтік төмендегі
жағдайларға сәйкес келетініне көз жеткізіңіз:
Температурасы 50 °С-тан асатын ешбір бөлікке
тимейді.
Оны ештеңе тартпайды немесе бұрамайды және
қысылмаған я майыспаған.
Жүздерге, өткір бұрыштарға немесе қозғалатын
бөліктерге тимейді және қысылмаған.
Жағдайын тексере алу үшін толығымен қарап
шығу оңай.
1500 мм-ден қысқа.
Екі жағында да мықтап бекітілген; ағымдағы
заңдарға сәйкес шеттерінен қысқыштармен
бекітілуі тиіс.
! Осы жағдайлардың бірі немесе бірнешесі
орындалмаса не плитаны 2-сынып, 1-ішкі сынып
құрылғыларына (екі шкаф арасына орнатылатын)
қолданылатын жағдайларға сәйкес орнату қажет
болса, резеңке түтік орнына майысқақ болат түтік
қолданылуы қажет (төмендегі мәтінді қараңыз).
Page view 34
1 ... 34 35 36 ... 48

Comments to this Manuals

No comments