Indesit XWDA 751680X W EU Instruction for Use Page 75

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 84
  • Table of contents
  • TROUBLESHOOTING
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 74
KZ
75
Ағызу түтігін жалғау
Ағызу түтігін
майыстырмай,
еденнен 65-100 см
жоғары орналасқан
ағызу құбырына
немесе қабырғадағы
канализация құбырына
жалғаңыз;
немесе, оны ваннаға,
шұңғылшаға немесе
шылапшынға салып,
берілген түтікті шүмекке
бекітіңіз (суретті
қараңыз). Түтіктің шеті
су астында болмауы
тиіс.
! Түтікті ұзартуға қарсымыз; бірақ басқа амалы
болмаса, ұзарту түтігінің диаметрі бастапқы түтіктің
диаметрімен бірдей болуы және оның ұзындығы 150
см-ден аспауы керек.
Электр қосылымдары
Құрылғыны розеткаға қоспас бұрын, мына
жағдайларға көз жеткізіңіз:
розетка жерге тұйықталған және қолданыстағы
заңды ережелерге сәйкес келеді;
розетка Техникалық деректер кестесінде
көрсетілген құрылғының ең жоғарғы қуатына төзімді
(жанындағы ақпаратты қараңыз);
қуат көзінің кернеуі Техникалық деректер
кестесіндегі мәндер ауқымында (жанындағы
ақпаратты қараңыз);
розетка кір жуғыш машинаның айырына сәйкес келеді.
Олай болмаса, розетканы немесе айырды ауыстырыңыз.
! Жабық жер болса да, кір жуғыш машинаны сыртта
орнатпау қажет. Құрылғыны жаңбыр, боран және басқа
да ауа-райы жағдайларында қалдыру аса қауіпті.
! Кір жуғыш машина орнатылғаннан кейін розеткаға
оңай қол жеткізу мүмкін болуы тиіс.
! Бірнеше розеткалар мен ұзартқыш сымдарын
пайдаланбаңыз.
65 - 100 cm
! Сымды майыстыруға немесе оған қысым салуға
болмайды.
! Ток сымын тек өкілетті мамандар ауыстыруы тиіс.
Ескерту! Осы стандарттар сақталмаған жағдайда,
компания жауапты болмайды.
Бірінші жуу циклы
Құрылғы орнатылғаннан кейін және оны алғаш рет
пайдаланбас бұрын, "Өзін-өзі тазалау" жуу циклын
қолдана отырып, жуғыш затпен кірлерді салмай-ақ,
жуу циклын іске қосыңыз («Кір жуғыш машинаны
тазалау»).
Техникалық деректері
Үлгі XWDA 751680
Өлшемдері
ені 59,5 см
биіктігі 85 см
тереңдігі 54 см
Сыйымдылығы
жуу бағдарламасы үшін 1-7 кг;
кептіру бағдарламасы үшін 1-5 кг
Электр
қосылымдары
құрылғыға бекітілген техникалық
деректер тақтасын қараңыз
Су қосылымдары
ең жоғары қысым 1 МПа (10 бар)
ең төмен қысым 0,05 МПа (0,5 бар)
барабан сыйымдылығы 58 литр
Айналдыру
жылдамдығы
1600 айналым/мин мәніне дейін
Қуатты есептеу
бағдарламалары
мына
стандартқа сәйкес:
EN 50229
Жуу: 8 бағдарламасы; температура
60°C; 7 кг жүкті қолдана отырып.
Кептіру: Кішірек жүктемені (2 кг)
құрғақтық деңгейін сақтау арқылы
кептірілуі керек. Жүктемеде 2 ақжайма,
1 жастыққап және 2 қол орамалы
болуы керек; қалған жүктемені
құрғақтық деңгейін сақтау арқылы
кептірілуі керек.
Бұл құрылғы төмендегі ЕО
директиваларына сәйкес келеді:
- EMC 2014/30/EU (Электр магниттік
үйлесімділік)
- LVD 2014/35/EU (Төмен кернеу)
- 2012/19/EU - (WEEE)
Page view 74
1 2 ... 70 71 72 73 74 75 76 77 78 79 80 ... 83 84

Comments to this Manuals

No comments