Indesit WISN-82-(CSI) User Manual Page 21

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 24
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 20
21
KZ
Сақтық шаралары
мен кеңес
! Кір жуғыш машина тиісті халықаралық қауіпсіздік
ережелеріне сай өңделіп шығарылған. Төмендегі
ақпарат қауіпсіздік мақсатында берілген және
сондықтан оны мұқият оқып шығу қажет.
Жалпы қауіпсіздік
Бұл құрылғы кәсіби емес, үйде қолданылуға арналған
және оның функциялардың өзгертуге болады.
• Бұл құрылғы қауіпсіздіктеріне жауапты адам
құрылғыны қолдану бойынша кеңес не нұсқау
бермеген жағдайда, дене, сезіну немесе ой
қабілеті төмен немесе тәжірибесі мен білімі
жеткіліксіз адамдармен (оның ішінде балалармен)
қолданылуға арналмаған. Балалар құрылғымен
ойнамауы үшін оларды бақылау керек.
Бұл кір жуғыш машинаны тек осы нұсқаулықтағы
нұсқауларға сәйкес түрде ересек адамдар ғана
пайдалануы тиіс.
Кір жуғыш машинаны жалаң аяқ немесе қолыңыз
не аяғыңыз ылғал болғанда ұстаушы болмаңыз.
Құрылғыны розеткадан ағыту үшін ток кабелінен
ұстап тартпаңыз. Айырды ұстап тартыңыз.
Құрылғы жұмыс істеп тұрған кезде жуғыш зат
диспенсерін ашпаңыз.
Ағызылған суға тимеңіз, себебі оның
температурасы өте жоғары болуы мүмкін.
Кір жуғыш машина есігін күштеп ашпаңыз:
әйтпесе, кездейсоқ ашудан қорғауға арналған
қауіпсіздік құлпы механизмі зақымдалуы мүмкін.
Ақаулық байқалса, ешбір жағдайда жөндеу жасауға
тырысып, ішкі бөліктерге тиюші болмаңыз.
Жұмыс істеп тұрған кезде балаларды құрылғыдан
алыс ұстаңыз.
Құрылғы есігі жуу циклы орындалып жатқан кезде
қатты қызып кетеді.
Оны жылжыту керек болса, екі немесе үш адамның
көмегімен, абайлап ұстаңыз. Мұны жалғыз өзіңіз
орындаушы болмаңыз, себебі құрылғы өте ауыр.
Кірлерді кір жуғыш машинаға салмас бұрын,
барабан бос екеніне көз жеткізіңіз.
Қоқысқа тастау
Орама материалдарын қоқысқа тастау:
ораманың қайта пайдаланылуы мүмкін
болатындай жергілікті ережелерді орындаңыз.
Электр және электроникалық құралдардың
қалдықтарына қатысты 2002/96/EC Еуропа
заңнамасына сәйкес үй құрылғылары қалыпты
сортталмаған қалалық қалдық ағымымен бірге
жойылмауы тиіс. Қоршаған орта мен адам
денсаулығына тиетін зиянның алдын ала отырып,
ескі құрылғылар қайта пайдалануды және
қайта өңдеуді оңтайландыру мақсатында бөлек
жиналуы керек. Өнімдегі сызылған «доңғалақты
қоқыс жәшік» сізге құрылғыны тастаған уақытта
бөлек жиналуы туралы есіңізге салады.
Ескі құрылғыларды дұрыс тастау жөнінде ақпарат
алу үшін пайдаланушылар жергілікті өкілдеріне
немесе сатушыларына хабарласулары керек.
Қуатты үнемдеу және қоршаған
ортаны құрметтеу
Қоршаған ортаға жайлы технология
Құрылғы есігі арқылы оның ішінде аз ғана
су болғанын көрсеңіз, бұл соңғы Indesit
технологиясының жетістігі, яғни ең жақсы нәтижеге
қол жеткізу үшін кір жуғыш машина су мөлшерінің
жартысын ғана қолданады: қоршаған ортаны
құрметтеу үшін жетілген мақсат.
Жуғыш затты, суды, қуатты және уақытты
үнемдеу
Қор көздерін ырысап қылмау үшін кір машинаны
толығымен жүктеп пайдаланған жөн. Жартылай
жүктеудің орнына толық жүктеу 50%-ға дейін
қуатты үнемдеуге мүмкіндік береді.
Алдын ала жуу циклы тек өте қатты ластанған
киімдерді жуу үшін қажет. Оны пайдаланбау
жуғыш затты, уақытты, суды және 5-15% қуатты
үнемдейді.
Жуудан бұрын дақтарды дақ кетіргіш затпен өңдеу
немесе суға салып қою жоғары температурада
жуудың қажеттілігін жояды. 90°C орнына
60°C-тағы бағдарлама немесе 60°C орнына
40°C-тағы бағдарлама 50%-ға дейін қуатты
үнемдейді.
Ысырап қылмау және қоршаған ортаны қорғау
үшін су қаттылығына, киімдердің ластануына
және кірлердің мөлшеріне байланысты жуғыш
заттың дұрыс мөлшерін пайдаланыңыз:
биологиялық түрде ыдырайтын болса да, жуғыш
заттар табиғаттың тепетеңдігіне әсер етуі мүмкін
заттарды қамтиды. Оған қоса, кондиционерді
мүмкін болғанша қолданбауға тырысыңыз.
Кір жуғыш машинаны түстен кейінгі уақыттан
таң атқанға дейінгі уақытта пайдалансаңыз, ток
таратушы компанияның ең жоғары жүгін азайтуға
көмектесесіз.
Кірлерді кептіргіште кептіру керек болса,
жоғары сығу жылдамдығын таңдаңыз. Кірлерде
мүмкіндігінше аз су қалдыру кептіру үдерісі
барысында уақыт пен қуатты үнемдейді.
Page view 20
1 2 ... 16 17 18 19 20 21 22 23 24

Comments to this Manuals

No comments