Қосу және пайдалану
! Тиісті газ оттығының орны әрбір тұтқада көрсетілген.
Газ оттықтары
Әрбір оттықты тиісті басқару тұтқасының көмегімен төмендегі
параметрлердің біріне реттеуге болады:
● Өшірулі
Ең жоғары
Ең төмен
Конфорканың бірін тұтандыру үшін, оған сіріңке талын немесе оттықты
жақындатып, тиісті тұтқаны барынша басып сағат тіліне қарсы, от
максималдық түрде жанғанша бұраңыз. Оттық қауіпсіздік құралымен
жабдықталғандықтан жалынды жандырып тұратын автоматты құралдың
қызуы үшін тұтқаны шамамен 2-3 секунд басып тұру қажет.
Газ оттығын тұтату функциясы бар модельдерді қолданған жағдайда,
таңдалған оттықты тұтату үшін тиісті тұтқаны сағат тіліне қарсы бағытта
максималды қалпына дейін бұрап, оттық жанғанша басып тұрыңыз.
! Оты кенет өшіп қалған жағдайда, басқару тұтқасын өшірілген күйге
әкеліп, 1 минут өткеннен кейін барып конфорканы қайта тұтандырыңыз.
Конфорканы өшіру үшін тұтқаны сағат тілі бойынша жалын өшкенге дейін
бұраңыз (күй "●" белгісімен белгіленген).
Газ жанарғыларын пайдалану бойынша қарапайым
кеңестер
Бұйым максималдық түрде жұмыс істеп тұруы үшін есте сақта:
• ә конфорка үшін тиісті ыдысты пайдаланыңыз, ыдыстың түбі конфорка
жанарғысына сәйкес келуі керек (кестені қара).
• Табаны тегіс және қақпағы бар ыдысты пайдаланыңыз.
• Қайнаған жағдайда, тұтқаны оттың аз келетін жағына қарай бұраңыз.
Ø ыдыс табанының диаметрі (см)
Жылдам (R)
Жартылай жылдам (S)
Қосымша (A)
24 - 26
16 - 20
10 - 14
Оттық
Конфорка түрлерін анықтау үшін “конфоркалар мен форсункалар”
параграфындағы суреттерді қараңыз.
Сақтандырулар мен кеңестер
! Бұйым қауіпсіздік бойынша халықаралық нормативтерге сәйкес
жоспарланған және дайындалған.
Сіздің қауіпсіздігіңіз үшін құрастырылған осы сақтандыруды аса мұқият
оқыңыз.
Қауіпсіздікке қойылатын жалпы талаптар
• Бұл құрылғы 3-сынып ендірілген құрылғы болып табылады.
• Газ құрылғылары тиімді жұмыс істеуі үшін тұрақты ауа алмасуын
қажет етеді. Плитаны орнату кезінде құрылғы "Орналастыру"
параграфында берілген нұсқауларды орындаңыз.
• Бұл нұсқаулар тек нұсқаулық пен сериялық нөмір тілімшесінде
таңбалары көрсетілген елдер үшін жарамды.
• Құрылғы үйде қолдануға арналған, оны коммерциялық немесе
өндірістік тұрғыда қолдануға болмайды.
• Жабық жер болса да, құрылғыны сыртта қолданбау қажет. Құрылғыны
қорғаусыз жаңбыр мен боранда қалдыру аса қауіпті.
• Құрылғыны жалаң аяқ немесе ылғал не дымқыл қолмен, аяқпен
түртпеңіз.
• Құрылғыны кітапшада берілген нұсқауларға сай, тек ересек
адамдар ғана тағам дайындау мақсатында пайдалануы тиіс.
Құрылғыны басқа түрде пайдалану (мысалы, бөлмені жылыту
үшін) дұрыс емес әрі қауіпті. Өндіруші құрылғыны тиісті, дұрыс
және саналы түрде пайдаланбау нәтижесінде пайда болған кез
келген зақымға жауапты болмайды.
• Желдету және ыстықты салқындатуға арналған ашық жерлерді
ешқашан жаппау керек.
• Желдеткіш торларды және ыстықты басатын тесіктерді жаппаңыз.
• Құрылғыны қолданбаған кезде тұтқалардың «●»/«○» күйінде тұрғанын
тексеріңіз.
• Құрылғыны өшіргенде штепсельдік ұшты желі розеткасынан әрдайым
ажыратыңыз, кабельден тартып суырмаңыз.
• Штепсель айырын электр желісінен ажыратпастан тазалау немесе
күтім көрсету жұмыстарын ешқашан жасамаңыз.
• Егер құрылғы істен шыққан болса, ешбір жағдайда жөндеу жұмысын
өзіңіз жасамаңыз. Тәжірибесіз адам тарапынан жасалған жөндеу
жұмыстарынан құрылғының істен шығуы немесе жарамсыз болып
қалуы мүмкін. Қызмет көрсету орталығымен байланысыңыз («Көмек»
бөлімін қараңыз).
• Байқаусыздықтан күйіп қалмау үшін табалардың тұтқаларын әрдайым
плитаның ортасына қарай бұрып қойыңыз.
• Шыны қақпақты (бар болса) газ оттықтары немесе электр плиталар
әлі ыстық болған кезде жаппаңыз.
• Үстіне таба қоймай электр конфорканы қосып қоймаңыз.
• Тұрақсыз немесе майысқан табаларды қолданбаңыз.
• Құрылғыны физикалық, сезімталдық және психикалық қабілеттері
төмен адамдар (балалар да кіреді), тәжірибесіз немесе өнімнен
хабары жоқ кез келген адамның қолданбауы тиіс. Мұндай адамдарға,
кем дегенде, қауіпсіздіктерін қамтамасыз ететін біреулер жетекші
болуы керек немесе құрылғының жұмысына қатысты кіріспе
нұсқаулары берілуі тиіс.
• Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат етпеңіз.
• Құрылғы сыртқы таймермен немесе бөлек қашықтан басқару
жүйесімен басқарылуға арналмаған.
Утильдеу
• Орайтын заттарды жою: орайтын заттарды қайта өңдеу бойынша
жергілікті нормативтерді сақтаңыз.
• Электронды және электрлі электрожабдықтарын қайта өңдеу бойынша
2012/19/EU Еуропалық Директивке сәйкес электрожабдықтар кәдімгі
қала қоқысымен бірге лақтырылмауы керек. Пайдалануға жарамсыз
заттар оларды құрайтын материалдарды қайта өңдейді және
рекуперациялауды оңтайландыру, сонымен қатар қоршаған ортаның
және денсаулық қауіпсіздігі үшін бөлек жиналуы керек. Барлық
жабдықтардағы қоқыс себетін өшірген белгі, олардың бөлек қайта
өңделетіндігін көрсететін белгі. Тұрмыстық электрожабдықтарын
дұрыс қайта өңдеу туралы нақты ақпаратты алу үшін тұтынушылар
арнайы мемлекеттік ұйымдарға немесе дүкенге хабарласуы керек.
Барлық тұрмыстық электр бұйымдарын жетекші өндірушілер ескі
электр бұйымдарын жинау және қайта өңдеу бойынша жүйе жасау
және басқару бойынша көмек береді.
22
KZ
Comments to this Manuals