Indesit KN6C117(W)/RU S Instruction for Use Page 31

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 36
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 30
31
KZ
Тағам дайындау режимдері
! Тек «ЕҢ ЖОҒАРЫ» қуат деңгейі ұсынылатын
ГРИЛЬ бағдарламасынан басқа, температура мәнін
барлық пісіру режимдері үшін 50°C пен «Ең жоғары»
аралығында орнатуға болады.
ТҰРАҚТЫ ПЕШ режимі
Үстіңгі және астыңғы қыздыру элементтері
қосылады. Тағам дайындаудың дағдылы
режимін пайдаланғанда тек бір тағам дайындау
тартпасын пайдаланған дұрыс, бірден көп тартпа
қолданылғанда пеш ішіндегі температура бірдей
болмауы мүмкін.
ПЕШ түбі режимі
Төменгі қыздыру элементі қосулы. Бұл позицияны
беті пісіп, ішін әрі қарай пісіруді қажет ететін
тағамдарды (пісіру тартпаларында) толығымен пісіру
немесе бетін көп қызарту қажет емес, жеміспен
немесе джеммен қапталған десерттерді пісіру
үшін қолданған жөн. Бұл функция пештің ішіндегі
температураның максималды мәнге (250 °С) жетуіне
жол бермейтінін ескеріңіз, сондықтан тек осы
параметрді орнатып, торттардан басқа (олар 180 °С
немесе одан төмен температурада пісіріледі) тағам
пісірмеген жөн.
ПЕШ ҮСТІ режимі
температура: 50°C пен Ең жоғары арасына
Пеш шамы жанады да, инфрақызыл сәулелер
грилі қосылады және қозғалтқыш істікті айналдыра
бастайды. Грильдің жетерліктей жоғары және
тікелей берілетін температурасы еттің сыртын
қызартып, шырындарын сақтауға және жұмсақтығын
қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
GRILL (ГРИЛЬ) режимі
температура: 50°C пен Ең жоғары арасына
Пеш шамы жанады да, грильдің қос қыздыру
элементі қосылады және қозғалтқыш істікті
айналдыра бастайды. Гриль орташа грильдерден
үлкен және толығымен жаңа дизайнға ие: пісіру
өнімділігі 50%-ға арттырылған. Қос гриль тіпті еттің
бұрыштарын қыздыруды да қамтамасыз етеді.
! Грильді қолданған кезде, ең жақсы нәтижеге қол
жеткізу және қуатты үнемдеу (шамамен 10%) үшін
пеш есігін жауып қойыңыз.
Грильді қолданған кезде тартпаны төменгі
деңгейлерге орналастырыңыз (пісіру кестесін
қараңыз). Май мен тоң майды ұстау және түтін
шығуды болдырмау үшін төменгі тартпа деңгейіне
тұтқалы таба қойыңыз.
Таймер*
Таймерді іске қосу үшін төмендегі әрекеттерді
орындаңыз:
1. Сигналды орнату үшін ТАЙМЕР тұтқасын сағат тілі
бағытымен бір толық айналымға бұрыңыз.
2. Қажетті уақыт ұзақтығын орнату үшін ТАЙМЕР
тұтқасын сағат тіліне қарсы бағытта бұрыңыз.
Тағам дайындау бойынша кеңес
! ГРИЛЬ режимінде тағамның қалдықтарын (тоң май
не май сияқты) жинау үшін тұтқалы табаны бірінші
позицияға орналастырыңыз.
ГРИЛЬ
Тартпаны 3 немесе 4-позицияға орналастырыңыз.
Тағамды тартпаның ортасына салыңыз.
Қуат деңгейін ең жоғарғы мәнге орнату
ұсынылады. Үстіңгі қыздыру элементі термостат
арқылы реттеледі және тұрақты күйде жұмыс
істемеуі мүмкін.
Сақтандырғыш шынжыр
!
Құрылғы байқаусызда түсіп кетпеуі үшін, мысалы
бала пеш есігіне шыққан жағдайда, бірге берілген
қауіпсіздік шынжыры орнатылуы ТИІС!
Пеш қауіпсіздік
шынжырымен
жабдықталған;
оны құрылғының
артындағы қабырғаға,
шынжыр құрылғыға
бекітілген биіктікте
бұрандамен (пешпен
бірге берілмейді)
бекіту қажет.
Бұранда мен бұранда анкерін құрылғы артындағы
қабырға материалына сәйкес таңдаңыз. Бұранда басы
9 мм-ден кіші болса, тығырық қолданылуы тиіс. Бетон
қабырғаға кем дегенде диаметрі 8 мм және ұзындығы
60 мм бұранда керек.
Шынжыр пештің артқы жағына және қабырғаға
суретте көрсетілгендей, орнатылғаннан кейін
жермен параллель күйде тартылып тұратындай
бекітіңіз.
*
Тек белгілі модельдерде болады.
Page view 30
1 2 ... 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36

Comments to this Manuals

No comments