Indesit IWSD 5085 User Manual Page 21

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 24
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 20
21
KZ
Сақтандырулар мен
кеңестер
! Бұл кір жуғыш машина халықаралық қауіпсіздік
ережелеріне сай өңделіп шығарылған. Төмендегі
ақпарат қауіпсіздік ережелерін ескерту мақсатында
берілген және оны мұқият оқып шығу қажет.
Жалпы қауіпсіздік
• Бұл құрылғы тек үйде пайдаланылуға арналған.
• Бұл құрылғы қауіпсіздіктеріне жауапты адам құрылғыны
қолдану бойынша кеңес не нұсқау бермеген жағдайда,
дене, сезіну немесе ой қабілеті төмен немесе
тәжірибесі мен білімі жеткіліксіз адамдармен (оның
ішінде балалармен) қолданылуға арналмаған. Балалар
құрылғымен ойнамауы үшін оларды бақылау керек.
• Кір жуғыш машинаны тек осы нұсқаулықтағы
нұсқауларға сәйкес түрде ересек адамдар ғана
пайдалануы тиіс.
• Құрылғыны жалаң аяқ немесе қолыңыз немесе
аяғыңыз ылғал болғанда ұстамаңыз.
• Құрылғыны розеткадан ағытқан кезде ток кабелінен
ұстап тартпаңыз. Айырды ұстап тартыңыз.
• Құрылғы жұмыс істеп тұрған кезде жуғыш зат
тартпасын ашпаңыз.
• Ағызылған суға тимеңіз, себебі оның
температурасы өте жоғары болуы мүмкін.
• Есікті күштеп тартпаңыз. Әйтпесе, кездейсоқ
ашудан қорғауға арналған қауіпсіздік құлпы
механизмі зақымдалуы мүмкін.
• Құрылғы бұзылып қалса, ешбір жағдайда өз
бетіңізбен жөндеу мақсатында ішкі бөліктерге тиюші
болмаңыз.
• Әрқашанда балаларды құрылғыдан алыс ұстаңыз.
• Жуу циклы барысында есік қатты қызып кетуі
мүмкін.
• Құрылғыны жылжыту керек болса, екі немесе үш
адамнан тұратын топпен жұмыс істеңіз және де
өте абай болыңыз. Мұны жалғыз өзіңіз орындаушы
болмаңыз, себебі құрылғы өте ауыр.
• Кірлерді кір жуғыш машинаға салмас бұрын,
барабан бос екеніне көз жеткізіңіз.
Қоқысқа тастау
• Орама материалдарын қоқысқа тастау: ораманың
қайта пайдаланылуы мүмкін болатындай жергілікті
ережелерді орындаңыз.
Электр және электроникалық құралдардың
қалдықтарына қатысты 2002/96/EC Еуропа
заңнамасына сәйкес үй құрылғылары қалыпты
сортталмаған қалалық қалдық ағымымен бірге
жойылмауы тиіс. Қоршаған орта мен адам
денсаулығына тиетін зиянның алдын ала отырып,
ескі құрылғылар қайта пайдалануды және қайта
өңдеуді оңтайландыру мақсатында бөлек жиналуы
керек. Өнімдегі сызылған «доңғалақты қоқыс
жәшік» сізге құрылғыны тастаған уақытта бөлек
жиналуы туралы есіңізге салады.
Ескі құрылғыларды дұрыс тастау жөнінде ақпарат
алу үшін пайдаланушылар жергілікті өкілдеріне
немесе сатушыларына хабарласулары керек.
Page view 20
1 ... 20 21 22 23 24

Comments to this Manuals

No comments