Indesit IWSE-6125-(CIS) User Manual Page 22

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 36
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 21
22
KZ
Күтім көрсету және техникалық
қызмет көрсету
Су мен токты өшіру
• Әрбір жуу циклынан кейін су шүмегін жауып
отырыңыз. Бұл кір жуғыш машинаның ішіндегі
гидравликалық жүйенің тозуын шектейді және су
ағып кетудің алдын алуға көмектеседі.
• Кір жуғыш машинаны тазалаған кезде және
техникалық қызмет көрсету жұмыстарын орындаған
кезде оны токтан ажыратыңыз.
Кір жуғыш машинаны тазалау
Құрылғының сыртқы жақтары мен резеңкеден
жасалған құрамдас бөліктерін жылы сабынды сумен
суланған жұмсақ шүберекпен тазалауға болады.
Еріткіштерді немесе абразивті заттарды қолданбаңыз.
Жуғыш зат тартпасын тазалау
Диспенсерді көтеріп,
тарту арқылы шығарып
алыңыз (суретті
қараңыз).
Оны су ағыны астында
жуыңыз; бұл әрекетті жиі
қайталап тұру керек.
Құрылғының есігі мен барабанына
күтім көрсету
• Жағымсыз иістер пайда болмауы үшін есікті
әрқашан сәл ашып қою керек.
Сорғыны тазалау
Кір жуғыш машина ешбір техникалық қызмет көрсетуді
қажет етпейтін, өзін-өзі тазалайтын сорғымен
жабдықталған. Кейде кіші заттар (тиындар немесе
түймелер сияқты) сорғының төменгі жағындағы, оны
қорғайтын алдыңғы камераға түсіп кетуі мүмкін.
! Жуу циклы аяқталғанына көз жеткізіңіз де,
құрылғыны розеткадан ағытыңыз.
Алдыңғы камераға қол
жеткізу үшін:
1. бұрағыштың
көмегімен, кір жуғыш
машинаның алдыңғы
төмен бөлігіндегі қақпақ
панелін алып тастаңыз
(суретті қараңыз);
2. қақпақты сағат тіліне
қарсы бағытта бұру
арқылы бұрап шығарып
алыңыз (суретті
қараңыз): кішкене су
ағып кетуі мүмкін. Бұл
қалыпты жағдай;
3. ішін жақсылап тазалаңыз;
4. қақпақты орнына бұраңыз;
5. құрылғыға итеріп салмас бұрын, ілмектері орнына
мықтап отырғанына көз жеткізіп, панельді орнына
қойыңыз.
Судың кіріс түтігін тексеру
Кіріс түтігін кем дегенде жылына бір рет тексеріңіз.
Шатынаған болса, оны дереу ауыстыру керек: жуу
циклдарының барысында су қысымы өте жоғары болады
және шатынаған түтік жарылып кетуі әбден мүмкін.
! Бұрын қолданылған түтіктерді пайдаланушы
болмаңыз.
Page view 21
1 2 ... 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 ... 35 36

Comments to this Manuals

No comments