Indesit DFG-26B1-NX-EU User Manual Page 47

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 60
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 46
KZ
47
Құрылғыны жылжыту керек болса, оны тік ұстаңыз; аса
қажет болса, оны артқа қарай еңкейтуге болады.
Орнату және түзулеу
1. Құрылғыны барлық орамасынан босатыңыз және ол
тасымалдау кезінде зақымдалмағанын тексеріңіз. Ол
зақымдалған болса, сатушыға хабарласыңыз және орнату
үдерісін тоқтатыңыз.
2. Ыдыс жуу машинасының жандары немесе артқы панелі
жақындағы шкафтармен немесе қабырғамен тиетіндей
реттеңіз. Бұл құрылғыны тіпті бір үстелдің үстіңгі тақтайының
астына да кіргізуге болады
*
(Орнату бойынша нұсқаулық
парағын қараңыз).
3. Ыдыс жуу машинасын тегіс әрі қалыпты еденге
орналастырыңыз. Еден тегіс болмаса, құрылғының алдыңғы
аяқтарын реттеп, оны көлденең қалыпқа жеткізу керек.
Құрылғы дұрыс түзуленсе, ол қалыпты болады және жұмыс
істеп тұрған кезде жылжу немесе діріл мен шуыл шығару
мүмкіндігі аз болады.
4
*. Артқы аяқтың биіктігін реттеу үшін ыдыс жуу машинасының
құрылғының алдыңғы жағындағы төменгі орта бөлігінде 8 мм
тесігі бар алты бұрышты гайка кілтін (қызыл түсті) бұраңыз.
Сағат тілі бағытымен бұрсаңыз биіктік артады, ал сағат тіліне
қарсы бағытта бұрсаңыз, биіктік азаяды
(осы құжаттамада
берілген Ендіру нұсқаулығын қараңыз.)
Су мен токты қосу
Су мен токты тек білікті маман қосуы тиіс.
Ыдыс жуу машинасы су түтіктерінің немесе ток
сымдарының үстінде тұрмауы керек.
Құрылғыны су жеткізу желісіне жаңа түтіктермен қосу
қажет.
Ескі түтіктерді қолданбаңыз.
Судың кіріс және шығыс түтіктерін, сондай-ақ, ток сымын ең
жақсы орнатуға қол жеткізу үшін құрылғының оң немесе сол
жағынан өткізуге болады.
Судың кіріс түтігін жалғау
Қолайлы суық суды жалғау нүктесіне: түтікті жалғамас
бұрын, судағы қалдықтар құрылғыны бітеп тастамауы үшін,
су тап-таза болғанша, оны ағызып алыңыз; бұл әрекетті
орындағаннан кейін, кіріс түтігін шүмекке ¾ газдық бұранда
қосылымымен мықтап бұраңыз.
Қолайлы ыстық суды жалғау нүктесіне: температурасы
60°C-тан аспаса, ыдыс жуу машинасына желіден ыстық
су беруге болады (радиаторлары бар орталық жылыту
жүйеңіз болса).
Суық суды қосуда айтылғандай, түтікті шүмекке бұраңыз.
Кіріс түтігінің ұзындығы жеткіліксіз болса, мамандырылған
дүкенге немесе куәландырылған маманға хабарласыңыз
(
«Көмек» бөлімін қараңыз.)
Судың қысымы Техникалық деректер кестесінде
көрсетілген мәндер аралығында болуы тиіс
(қасындағы
ақпаратты қараңыз.)
Түтікті майыстыруға немесе оған қысым салуға болмайды.
Судың шығыс түтігін жалғау
Шығыс түтігін (майыстырмай) диаметрі ең азында 4 см
болатын су ағызу түтігіне жалғаңыз.
Шығыс түтігі еденнен немесе ыдыс жуу машинасы тұрған
беттен 40-80 см аралығында болуы тиіс (А).
Судың шығыс түтігін шұңғылшаның ағызу түтігіне қоспас
бұрын, пластикалық тығынды алып тастаңыз (В).
Су алып кетуден қорғау
Су алып кетуіне жол бермеу үшін, ыдыс жуу машинасы:
- қалыпсыз жағдайларда немесе құрылғының ішінен су
ағып кеткен кезде су көзін бұғаттайтын арнайы жүйемен
жабдықталған.
Сондай-ақ, кейбір үлгілер New Acqua Stop
* деп аталатын
қосымша қауіпсіздік құралымен жабдықталған, ол тіпті кіріс
түтігінің жыртылып кеткенінде де су алып кетуден қорғайды.
ЕСКЕРТУ: ҚАУІПТІ КЕРНЕУ!
Судың кіріс түтігін ешбір жағдайда қиюшы болмаңыз, себебі
онда ток өтетін электр бөліктер бар.
Токқа жалғау
Айырды розеткаға қоспас бұрын, мына жағдайларға көз
жеткізіңіз:
Розетка жерге тұйықталған және ағымдағы ережелерге
сәйкес келеді.
розетка құрылғының ең көп қуатына шыдай алады. Бұл
мән есіктің ішкі жағында орналасқан деректер тілімшесінде
көрсетілген (
(«Құрылғы сипаттамасы» бөлімін қараңыз);
Ток желісінің кернеуі деректер тілімшесінде көрсетілген
мәндер ауқымында жатыр.
Розетка құрылғының штепсельдік ұшына сәйкес келеді.
Олай болмаса, куәландырылған маманды шақыртып,
айырды ауыстырыңыз (
«Көмек» бөлімін қараңыз
); ұзарту
кабельдерін немесе бірнеше розетканы қолданбаңыз.
Құрылғы орнатылғаннан кейін, ток сымы мен розеткаға
оңай қол жеткізу мүмкін болуы тиіс.
Сымды майыстыруға немесе оған қысым салуға
болмайды.
Ток сымы зақымдалса, барлық ықтимал қатерлерден
сақтану үшін оны өндіруші немесе оның Техникалық көмек
көрсету қызметі ауыстыруы керек
(«Көмек» бөлімін қараңыз.)
Орнату - Көмек
* Тек кейбір үлгілерде бар.
Page view 46
1 ... 46 47 48 ... 60

Comments to this Manuals

No comments