Indesit 7OFH1037C IXRU/HA S Instruction for Use Page 32

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 40
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 31
32
KZ
PIZZA (ПИЦЦА) режимдері
Үстіңгі және айналмалы қыздыру элементтері қосылады
және желдеткіш жұмыс істей бастайды. Мұның
нәтижесінде пеш жылдам қызады. Бір жолда бірден көп
тартпа қолданылатын болса, тағам дайындау үрдісінің
ортасында табақтардың орындарын алмастырыңыз.
BAKING (ПІСІРУ) режимі
Артқы қыздыру элементі және желдеткіш іске қосылып,
жылудың бүкіл пешке жұмсақ әрі біркелкі түрде таралуын
қамтамасыз етеді. Бұл режим температураға сезімтал
болатын тағамдарды (мысалы, көтерілуді қажет ететін торт
сияқты тағамдар) дайындауға арналған.
ECO (ЭКО) режимі
Артқы қыздыру элементі және желдеткіш қосылады, осылайша
бүкіл пеш ішінде қызу біртіндеп, біркелкі түрде таралады.
Бұл қуат үнемдейтін режим кіші тағамдарға ұсынылады,
тағамдарды қыздыруға және пісіруді аяқтауға қолайлы.
Бұрылмалы істік*
Гриль істігі функциясын іске
қосу үшін (сызбаны қараңыз)
төмендегі әрекеттерді
орындаңыз:
1. Тұтқалы табаны бірінші
позицияға орналастырыңыз.
2. Гриль тірегін үшінші
позицияға орналастырып,
істікті пештің артқы
қабырғасындағы тесікке
кіргізіңіз.
3. Істікте қуыру функциясын немесе режимдерін
таңдау арқылы іске қосыңыз;
! режимі іске қосылған кезде есік ашылса, істік тоқтайды.
Автоматты пісіру режимдері
! Температура мен пісіру ұзақтығы алдын ала орнатылған
мәндер, олар әрқашан да автоматты түрде тамаша
нәтиже алатыныңызға кепілдік береді. Бұл мәндер C.O.P
(Бағдарламаланған оңтайлы пісіру) жүйесін пайдалану
арқылы реттеледі. Пісіру үрдісі автоматты түрде тоқтап,
пеш тамақтың піскенін көрсетеді. Пештің алдын ала
қыздырылғанына, әлде қыздырылмағанына қарамай,
пісіруге кірісуіңізге болады. Пісіру басталмас бұрын,
таңдалған бағдарламаға байланысты тиісті мәнді ±5/20
минутқа өзгерту арқылы пісіру ұзақтығын жеке қалауға
сәйкес реттеуге болады. Дегенмен, пісіру басталғаннан
кейін де ұзақтықты өзгертуге болады. Мән бағдарлама
басталмас бұрын өзгертілсе, ол жадқа сақталып,
бағдарлама келесі кезде қолданылғанда құрылғы оны
ұсынады. Пеш ішіндегі температура таңдалған режим
үшін ұсынылатын мәннен жоғары болса, ТЕМПЕРАТУРА
дисплейінде «Hot» жазуы көрсетіледі және пісіруді бастау
мүмкін болмайды; пештің салқындауын күтіңіз.
! Пісіру сатысына жеткен кезде, пештің дыбыстық белгісі
естіледі.
! Пештің есігін ашпаңыз, себебі бұл пісіру уақыты мен
температураны бұзуы мүмкін.
BEEF (СИЫР ЕТІ) режимі
Сиыр етін, шошқа етін және қой етін пісіру үшін осы
функцияны пайдаланыңыз. Тамақты қыздырылмаған
пештің ішіне салыңыз. Тамақты алдын ала қыздырылған
пешке де салуға болады.
FISH FILLETS (БАЛЫҚ ФИЛЕСІ) режимі
Бұл функция кіші және орташа көлемді филелерді
пісіруге қолайлы. Тамақты қыздырылмаған пештің ішіне
салыңыз.
BREAD (НАН) режимі
Бұл функцияны нан пісіру үшін пайдаланыңыз. Барынша
жақсы нәтижеге жету үшін төмендегі нұсқауларды
мұқият орындауға кеңес береміз:
Бұл функцияны нан пісіру үшін пайдаланыңыз. Барынша
жақсы нәтижеге жету үшін төмендегі нұсқауларды
мұқият орындауға кеңес береміз:
рецепт бойынша жасаңыз;
тұтқалы табаның ең үлкен салмағынан асырмаңыз;
5-ші позициядағы нан пісіретін науаға 50 г (0,5 дл)
суық су құюды ұмытпаңыз.
Қамырды бөлме температурасында көтерілгенше 1
1 ½ сағат (бөлменің температурасына қарай) немесе
қамырдың көлемі екі есе үлкейгенше қалдырыңыз.
НАННЫҢ рецепті:
Ең көбі 1000 грамға арналған 1 тұтқалы таба, төмен деңгей
Ең көбі 1000 грамға арналған 2 тұтқалы таба, ортаңғы
және төмен деңгейлер
1000 г қамырға арналған рецепт: 600 г ұн, 360 г су, 11 г
тұз, 25 г табиғи ашытқы (немесе 2 қалта ашытқы ұнтағы)
Дайындау әдісі:
Ұн мен тұзды үлкен кеседе араластырыңыз.
Ашытқыны жылымшы суға (шамамен 35 градус) ерітіңіз.
Үйілген ұнның ортасында кішкене ойық жасаңыз.
Су мен ашытқы қоспасын құйыңыз.
Қамырды алақанмен созып, өзіне-өзін бүктеу арқылы ол
біртекті болып, жабысқақтығы кеткенше 10 минут илеңіз.
Қамырды домалақтап, үлкен тегенеге салыңыз да, қамыр
кеуіп кетпеу үшін бетін мөлдір пластмасса орағышпен
жабыңыз. Пеште қолдан ТӨМЕН ТЕМПЕРАТУРА
(LOW TEMPERATURE) функциясын таңдаңыз да,
температураны 40°C етіп орнатыңыз. Тегешті пештің
ішіне қойып, көтерілу үшін шамамен 1 сағат қалдырыңыз
(қамырдың көлемі екі есе үлкеюге тиіс).
Қамырды мөлшері бірдей бөлкелерге бөліңіз.
Оларды нан пісіретін қағаздың үстіне, тұтқалы табаға салыңыз.
Бөлкелердің бетіне ұн себіңіз.
Бөлкелердің бетінде тіліктер жасаңыз.
Тамақты қыздырылмаған пештің ішіне салыңыз.
BREAD (НАН) пісіру режимін іске қосыңыз.
Піскеннен кейін бөлкелерді гриль сөрелерінің бірінде
әбден суығанша қалдырыңыз.
* Тек белгілі бір модельдерде бар.
Page view 31
1 2 ... 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40

Comments to this Manuals

No comments