Indesit XWDE 1071481XWKKK EU Instruction for Use Page 24

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 28
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 23
24
KZ
Push & Wash + Dry
Бұл функция құрылғы өшіп тұрған кезде, алдымен ON/OFF түймесін баспай-ақ немесе құрылғыны қосқаннан кейін
ешбір түймені немесе таңдау тетігін қоспай-ақ (әйтпесе, Push & Wash + Dry функциясы өшеді), автоматты жуу
және кептіру циклын бастауға мүмкіндік береді. Push & Wash + Dry циклын бастау үшін түймені басып, 2 секунд
ұстап тұрыңыз. Индикатор жанып, циклдың басталғанын білдіреді. Бұл жуу және кептіру циклы мақта немесе
синтетикалық маталар үшін ең қолайлы, себебі ол 30° температурада және 1000 айналым/минут жылдамдығында
жуады. Кептіру циклы кезінде ең жоғары температура 60°С болады. Циклдың соңында қалдық ылғалдық
деңгейіндегі ылғалдықпен бірдей болады. Қолдануға болатын ең көп жүктеме – 3,5 кг.
Көрсетілген уақыт – «Басып жуу және кептіру» циклында қолданылатын ең көп уақыт. Жүктеме ең көп жүктемеден
аз болса немесе киім синтетикалық материалдардан жасалған болса, циклдың нақты уақыты одан аз болады.
Ол қалай жұмыс істейді?
1. Кірлерді (мақта және/немесе синтетикалық киімдер) салып, есікті жабыңыз.
2. Жуғыш затты және/немесе қоспаларды құйыңыз.
3. Push & Wash + Dry түймесін басып, 2 секунд ұстап тұру арқылы циклды іске қосыңыз. Тиісті индикатор шамы
жасыл түспен жанып, есік құлыпталады (ЕСІК ҚҰЛЫПТАУЛЫ таңбасы жанады).
Ескертпе: Push & Wash + Dry түймесі көмегімен жуу циклы басталса, мақта мен синтетикалық маталарға
ұсынылатын реттелмейтін, автоматты цикл қосылады.
4. Автоматты циклды кептіру фазасын қоспай, тек жуу үшін қолдануға болады. Push & Wash + Dry түймесін, одан
кейін кептіру түймесін басыңыз: деңгейінің кептіру белгішесі сөнеді. Тек жуу қолданылса, ең көп жүктеме
4,5 кг болады. Циклды одан әрі реттеу мүмкін емес.
Автоматты цикл орындалып жатқан кезде есікті ашу үшін START/PAUSE түймесін басыңыз. ЕСІК ҚҰЛЫПТАУЛЫ
таңбасы сөніп тұрса, есікті тек жуу фазасы барысында ашуға болады. Жуу циклын тоқтатылған жерінен қайта
бастау үшін START/PAUSE түймесін тағы бір рет басыңыз.
5. Бағдарлама аяқталғаннан кейін END индикатор шамы жанады.
Page view 23
1 2 ... 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28

Comments to this Manuals

No comments