29
KZ
Индикатор шамдары
Индикатор шамдары маңызды ақпаратты береді.
Олар мына жағдайларды білдіруі мүмкін:
Жуу циклы кезеңінің индикатор шамдары
Қажетті жуу циклы таңдалып, басталғаннан кейін,
индикатор шамдары бірінен кейін бірі жанып,
циклдың қай кезеңі орындалып жатқанын білдіреді.
Функция түймелері және оларға сәйкес келетін
индикатор шамдары
Функция таңдалған кезде, оған сәйкес келетін
индикатор шамы жанады.
Таңдалған функция бағдарламаланған жуу
циклымен үйлесімді болмаса, тиісті индикатор шамы
жыпылықтайды және функция қосылмайды.
Таңдалған функция оған дейін таңдалған функциямен
үйлесімді болмаса, таңдалған бірінші функцияға
тиісті индикатор шамы жыпылықтайды және екінші
функция қосылады; қосылған опцияға сәйкес келетін
индикатор шамы жанып тұрады.
Есік құлыптаулы индикатор шамы
Индикатор шамы жанып тұрған кезде, ашылмауы
үшін есік құлыптаулы болады; есікті ашпас бұрын
индикатор шамының сөнгеніне көз жеткізіңіз
(шамамен 3 минут күтіңіз). Жуу циклы барысында
есікті ашу үшін, БАСТАУ/ТОҚТАТА ТҰРУ түймесін
басыңыз; ЕСІК ҚҰЛЫПТАУЛЫ индикатор шамы өшкен
кезде есікті ашуға болады.
Жуу циклын бастау
1. ҚОСУ/ӨШІРУ түймесін басу арқылы кір жуғыш машинаны қосыңыз. Барлық индикатор шамдары бірнеше
секундқа жанады, одан кейін олар сөнеді, ал БАСТАУ/ТОҚТАТА ТҰРУ индикатор шамы жыпылықтайды.
2. Кірлерді салып, есікті жабыңыз.
3. ЖУУ ЦИКЛЫ тұтқасын қажетті бағдарламаға орнатыңыз.
4. Жуу температурасын орнатыңыз («Жекешелендіру» тарауын қараңыз).
5. Сығу жылдамдығын орнатыңыз («Жекешелендіру» тарауын қараңыз).
6. Жуғыш заттар мен жуғыш қосындыларды өлшеңіз («Жуғыш заттар мен кірлер» тарауын қараңыз).
7. Қажетті функцияларды таңдаңыз.
8. Жуу циклын БАСТАУ/ТОҚТАТА ТҰРУ түймесін басу арқылы бастаңыз, сонда тиісті индикатор шамы қалыпты
түрде жасыл түспен жанып тұрады.
Орнатылған жуу циклын доғару үшін БАСТАУ/ТОҚТАТА ТҰРУ түймесін басу арқылы құрылғыны тоқтатып қойыңыз
да, жаңа циклды таңдаңыз.
9. Жуу циклының соңында индикатор шамы жанады. ЕСІК ҚҰЛЫПТАУЛЫ индикатор шамы өшкен кезде
есікті ашуға болады. Кірлерді шығарып, барабан толығымен кебуі үшін құрылғы есігін сәл ашық қалдырыңыз.
ҚОСУ/ӨШІРУ түймесін басу арқылы кір жуғыш машинаны өшіріңіз.
Жуу
Шаю
Сығу
Ағызу
Жуу циклының соңы
Comments to this Manuals