Indesit IWSD-5125-SL-(CIS).L User Manual Page 32

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 36
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 31
32
KZ
Жуғыш заттар мен кірлер
Жуғыш зат тартпасы
Жақсы жуу нәтижесіне қол жеткізу жуғыш заттың
дұрыс мөлшеріне де байланысты болады: тым
көп жуғыш зат қосылса, жуу міндетті түрде
тиімдірек болмайды және шынында құрылғы ішінде
қалдықтардың түзілуіне және қоршаған ортаны
ластауға әкелуі мүмкін.
! Қолмен жууға арналған
жуғыш заттарды
қолданбаңыз, себебі олар
тым көп көбік түзеді.
Жуғыш зат тартпасын
ашып, жуғыш затты
немесе жуғыш
қосындыны төмендегідей
салыңыз.
1-бөлік: Алдын-ала жууға арналған жуғыш зат
(ұнтақ)
Жуғыш затты салмас бұрын, қосымша 4-бөлік
алынғанына көз жеткізіңіз.
2-бөлік: Жуу циклына арналған жуғыш зат (ұнтақ
немесе сұйықтық)
Сұйық жуғыш затты жуу циклы басталмас бұрын сәл
уақыт қалғанда құю керек.
3-бөлік: Қосындылар (кондиционерлер және т.б.)
Кондиционер белгіден асып кетпеуі керек.
қосымша 4-бөлік: Ағартқыш
Ағарту циклы
! Әдеттегі ағартқышты төзімді ақ маталарға, ал нәзік
ағартқышты түрлі түсті маталарға, синтетика мен жүнге
қолдану керек.
Бұл опция кетпей қоятын
дақтарды кетіруге ерекше
пайдалы. Қосымша 4
бөлікті (бірге беріледі)
1-бөлікке қойыңыз.
Ағартқышты құйған
кезде ортаңғы өзекте
белгіленген «max»
деңгейінен асып кетпеуге
назар аударыңыз
(суретті қараңыз).
Ағарту циклын бөлек іске қосу үшін ағартқышты 4өлікке
құйыңыз, «Шаю» бағдарламасын орнатыңыз және
«Дақтарды кетіру» опциясын қосыңыз.
Жуу циклы барысында ағарту үшін, жуғыш зат пен
қолданғыңыз келетін кез келген кондиционерді
құйыңыз, одан кейін қажетті жуу циклын орнатып,
«Дақтарды кетіру» опциясын қосыңыз.
Қосымша 4-бөлік пайдаланылса, «Алдын ала жуу»
опциясы істемейді.
1
2
3
4
Кірлерді дайындау
• Кірлерді мына жағдайларға байланысты бөліңіз:
- мата түрі/жапсырмадағы таңба
- түстер: түрлі-түсті киімдерді ақ киімдерден бөліңіз.
• Қалталарды босатып, түймелерді тексеріңіз.
• Келтірілген мәндерден асып кетпеңіз, олар кірлердің
құрғақ кезіндегі салмағын береді:
Төзімді маталар: ең көп 5 кг
Синтетикалық маталар: ең көп 2,5 кг
Нәзік маталар: ең көп 1,5 кг
Жүн: ең көп 1 кг
Жібек: ең көп 1 кг
Кірлердің салмағы қандай?
1 ақжайма 400-500 г
1 жастыққап 150-200 г
1 асжаулық 400-500 г
1 монша халаты 900-1200 г
1 орамал 150-250 г
Арнайы күтімді қажет ететін киімдер
Жүн: тіпті жапсырмасында «тек қолмен жуу»
жазуы бар жүн киімдерін қоса, барлық жүн киімдерін
7-бағдарламамен жууға болады. Ең жақсы нәтижеге қол
жеткізу үшін арнайы жуғыш затты қолданыңыз және
1 кг кір салмағынан аспаңыз.
Жібек: жібек киімдерді жуу үшін арнайы 8-жуу циклын
қолданыңыз. Нәзік киімдерді жууға арналған арнайы
жуғыш заттарды пайдаланған абзал.
Перделер: перделерді бүктеп, жастыққапқа немесе
тор сөмкеге салыңыз. 8-жуу циклын қолданыңыз.
Джинсы: Жуудан бұрын киімдердің ішін сыртқа
қаратыңыз және сұйық жуғыш зат пайдаланыңыз.
9-бағдарламаны қолданыңыз.
Жүкті теңестіру жүйесі
Әрбір сығу циклынан бұрын, шамадан тыс дірілдеудің
алдын алу және жүкті біркелкі түрде тарату үшін,
барабан жуу кезіндегі айналу жылдамдығын сәл
көбірек жылдамдықпен айналып тұрады. Егер
бірнеше әрекеттен кейін жүк дұрыс теңестірілмесе,
құрылғы төмендетілген сығу жылдамдығында
айналдырады. Егер жүк тым теңестірілмеген болса,
құрылғы сығу орнына тарату үдерісін орындайды.
Жүктің таралуы мен теңестірілуін жақсарту үшін кіші
және үлкен киімдерді аралас салуды ұсынамыз.
Page view 31
1 ... 31 32 33 34 35 36

Comments to this Manuals

No comments