Indesit PWE 7107S User Manual Page 20

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 24
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 19
20
KZ
Жуғыш заттар мен кірлер
Жуғыш зат тартпасы
Ойдағыдай жуу нәтижесіне қол жеткізу жуғыш
заттың дұрыс мөлшеріне де байланысты болады:
тым көп жуғыш зат қосылса, жуу міндетті түрде
тиімдірек болмайды және шынында құрылғы ішінде
қалдықтардың түзілуіне және қоршаған ортаны
ластауға әкелуі мүмкін.
! Қолмен жууға арналған жуғыш заттарды
қолданбаңыз;; олар тым көп көбік түзеді.
Жуғыш зат тартпасын
ашып, жуғыш затты
немесе жуғыш қосындыны
төмендегідей салыңыз.
1-бөлік: Алдын-ала жууға
арналған жуғыш зат
(ұнтақ)
Жуғыш затты салмас бұрын, қосымша 4-бөлік
алынғанына көз жеткізіңіз.
2-бөлік: Жуғыш зат (ұнтақ немесе сұйық)
Сұйық жуғыш затты жуу циклы басталмас бұрын сәл
уақыт қалғанда құю керек.
3-бөлік: Қосындылар (кондиционерлер және т.б.)
Кондиционер белгіден асып кетпеуі керек.
Қосымша 4-бөлік: Ағартқыш
Қосымша 5-бөлік: бұл бөлікті сұйық жуғыш үшін
пайдалануды ұсынамыз.
Кірлерді дайындау
Кірлерді мына жағдайларға байланысты бөліңіз:
- мата түрі/жапсырмадағы таңба
- түстер: түрлі-түсті киімдерді ақ киімдерден бөліңіз.
Қалталарды босатып, түймелерді тексеріңіз.
Келтірілген мәндерден асып кетпеңіз, олар
кірлердің құрғақ кезіндегі салмағын береді:
Төзімді маталар: ең көп 7 кг
Синтетикалық маталар: ең көп 3 кг
Нәзік маталар: ең көп 2 кг
Жүн: ең көп 1,5 кг
Жібек: ең көп 1 кг
Кірлердің салмағы қандай?
1 ақжайма 400-500 г
1 жастыққап 150-200 г
1 асжаулық 400-500 г
1 монша халаты 900-1200 г
1 орамал 150-250 г
Арнайы жуу циклдары
Джинсы: жуудан бұрын киімдердің ішін сыртқа
қаратыңыз және сұйық жуғыш зат пайдаланыңыз. 7
жуу циклын қолданыңыз.
1
2
3
5
4
Көйлектер: әртүрлі матадан жасалған және әртүрлі
түсті көйлектерді жуу үшін арнайы 8 жуу циклын
қолданыңыз.
Ол киімдерге барынша күтім көрсетілетінін
қамтамасыз етеді және қыртыстардың пайда болуын
азайтады.
Аралас 30’:
бұл жуу циклы аз кірленген киімдерді
жылдам жууға арналған: оның мерзімі – 30 минут,
сондықтан қуат пен уақытты үнемдейді. 9 жуу
циклын таңдау арқылы салқын циклды қолданып,
ең көп 3 кг салып, әртүрлі маталарды бірге жууға
болады (жүн мен жібек заттардан басқа).
Жүн: 10 жуу циклын, тіпті жапсырмасында «тек
қолмен жуу»
жазуы бар жүн киімдерін қоса,
барлық жүн киімдерін жуу үшін қолдануға болады. Ең
жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін арнайы жуғыш затты
қолданыңыз және ең көбі 1,5 кг жүгінен аспаңыз.
Жібек: жібек киімдерді жуу үшін арнайы 11 жуу
циклын қолданыңыз. Нәзік киімдерді жууға арналған
арнайы жуғыш заттарды пайдаланған абзал.
Перделер: перделерді бүктеп, жастыққапқа немесе
тор сөмкеге салған жөн. 11 жуу циклын қолданыңыз.
Спорттық аяқ-киімдер (12 жуу циклы): спорттық
аяқ-киімдерді жууға арналған; ең жақсы нәтижеге
қол жеткізу үшін бір уақытта 2-ден көп аяқ-киім
жұбын жумаңыз.
Сыртқы киімдер (13 жуу циклы): су тепкіш
маталар мен қысқы курткаларды (мысалы, Gore-
Tex, полиэфир, нейлон) жууға қолданылады; ең
жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін сұйық жуғыш
затты жарты жүкке есептелген мөлшерде
пайдаланыңыз; қажет болса, жағаларды,
жеңдерді және дақтарды алдын ала өңдеңіз;
кондиционерлерді немесе құрамында
кондиционер бар жуғыш заттарды қолданбаңыз.
Іші толтырылған мамық көрпелерді бұл
бағдарламамен жууға болмайды.
Жүкті теңестіру жүйесі
Әрбір сығу циклынан бұрын, әрбір сығудан бұрын
шамадан тыс дірілдеудің алдын алу және жүкті
біркелкі түрде тарату үшін, барабан жуу кезіндегі
айналу жылдамдығын сәл көбірек жылдамдықпен
айналып тұрады. Егер бірнеше әрекеттен кейін
жүк дұрыс теңестірілмесе, құрылғы төмендетілген
сығу жылдамдығында айналдырады. Егер жүк
тым теңестірілмеген болса, құрылғы сығу орнына
тарату үдерісін орындайды. Жүктің таралуы мен
теңестірілуін жақсарту үшін кіші және үлкен киімдерді
аралас салуды ұсынамыз.
Page view 19
1 ... 19 20 21 22 23 24

Comments to this Manuals

No comments