Indesit CI3V P67(X) RU/HA Instruction for Use Page 29

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 36
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 28
29
KZ
Тағам дайындау режимдері
! Төмендегілерден басқа тағам дайындау
режимдерінің барлығына 50°C пен МАКС аралығында
кез келген температура мәні орнатылуы мүмкін
ГРИЛЬ, ҚОС ГРИЛЬ (ұсынылған: тек МАКС
деңгейін орнатыңыз)
ГРАТИН (кеңес: 200°C-тан асырмаңыз).
a
ДАҒДЫЛЫ ПЕШ
режимі
Үстіңгі және астыңғы қыздыру элементтері қосылады.
Тағам дайындаудың дағдылы режимін пайдаланғанда
тек бір тағам дайындау тартпасын қолданған дұрыс
болады. Бірден көп тартпа қолданылғанда пеш
ішіндегі температура бірдей болмауы мүмкін.
u
ПІСІРУ
режимі
Артқы қыздыру элементі және желдеткіш іске қосылып,
жылудың бүкіл пешке жұмсақ әрі біркелкі түрде
таралуын қамтамасыз етеді. Бұл режим температураға
сезімтал болатын тағамдарды (мысалы, көтерілуді
қажет ететін торт сияқты тағамдар) және ұннан
жасалған «бір тістем» кондитерлік өнімдерді 3
тартпада бірдей дайындауға арналған.
ПИЦЦА режимі
Дөңгелек қыздыру элементтері және пештің түбіндегі
элементтер қосылады және желдеткіш жұмыс істей
бастайды. Бұл қосынды, әсіресе астыңғы элементке
байланысты, жоғары мөлшерде жылу шығарып, пешті
жылдам қыздырады. Бір уақытта бірден көп тартпа
қолданылатын болса, тағам дайындау үрдісінің
ортасында табақтардың орындарын алмастырыңыз.
КӨП ТАҒАМ ДАЙЫНДАУ
режимі
Барлық қыздыру элементтері (үстіңгі, астыңғы және
айналмалы) қосылады және желдеткіш жұмыс істей
бастайды. Пештің қызуы тұрақты болғанда ауа
тағамды біркелкі қызартып пісіреді. Бір уақытта ең
көбі екі тартпаны пайдалануға болады.
ГРИЛЬ режимі
Жоғарғы қыздыру элементінің ортаңғы бөлігі
қосылады. Грильдің жоғары және тікелей жететін
температурасын беттік температураның жоғары
болуын қажет ететін тағамдар үшін қолданған жөн
(бұзау мен сиыр еті, филе, стейк, антеркот). Бұл
пісіру режимі шектеулі қуат көлемін қолданады және
грильде пісіру өте қолайлы. Тағамды тартпаның
ортасына қоййыңыз, әйтпесе бір бұрышқа қойсаңыз,
ол дұрыс піспейді.
ҚОС ГРИЛЬ режимі
Мұның арқасында әдеттегі грильден кең гриль
аумағы қамтамасыз етіледі және инновациялық
дизайн пісіру тиімділігін 50 %-ға арттырып,
бұрыштағы салқын аумақтардың пайда болуына жол
бермейді. Тағамның үстін біркелкі қызарту үшін осы
гриль режимін қолданыңыз.
ГРАТИН
режимі
Үстіңгі қыздыру элементі және гриль істігі (бар болса)
іске қосылып, желдеткіш жұмыс істей бастайды. Осы
мүмкіндіктердің жиыны пештегі ауаның күшейтілген
айналымы арқылы қыздыру элементтерінің көмегімен
қамтамасыз етілетін бір бағытқа жылылық бөлінудің
тиімділігін арттырады. Бұл тағамның күйіп кетуін
болдырмауға көмектеседі және жылудың тағамның ішкі
жағына енуіне мүмкіндік береді.
! ГРИЛЬ, ҚОС ГРИЛЬ және ГРАТИН пісіру
режимдерін қосқан кезде пеш есігі жабық болуы тиіс.
Қуырылған ет*
Істікті қосу үшін төмендегі
әрекеттерді орындаңыз:
1. Май жинайтын табаны бірінші
позицияға орналастырыңыз.
2. Гриль тірегін 4-позицияға
орналастырып, істікті пештің артқы
қабырғасындағы тесікке кіргізіңіз
(суретті қараңыз).
3. ТАҢДАУ тұтқасының көмегімен
/
таңдау
арқылы гриль істігін іске қосыңыз.
Тағам дайындау бойынша кеңес
! Желдеткіш көмегімен тағам дайындау барысында
сөрелерді бірінші және бесінші позицияларға
орналастырмаңыз. Шамадан тыс жылу температураға
сезімтал тағамдарды күйдіріп жіберуі мүмкін.
КӨП ТАҒАМ ДАЙЫНДАУ
Молырақ жылуды талап ететін тағамды екінші
позициядағы сөреге салып, екінші және төртінші
позицияларды қолданыңыз.
Май жинайтын табаны астыңғы жаққа, ал тартпаны
үстіңгі жаққа орнатыңыз.
ГРИЛЬ
ГРИЛЬ және ҚОС ГРИЛЬ пісіру режимдерін
қолданған кезде тартпаны 5-позицияға қойыңыз, ал
тағам пісіру қалдықтарын жинау (май және/немесе
тоң май) үшін май жинайтын табаны 1-позицияға
орналастырыңыз. ГРАТИН режимін қолданған кезде
тартпаны 2- немесе 3-позицияға орналастырыңыз,
ал тағам пісіру қалдықтарын жинау үшін май
жинайтын табаны 1-позицияға қойыңыз.
Page view 28
1 2 ... 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36

Comments to this Manuals

No comments