Indesit DSG 2637 S Instruction for Use Page 17

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 40
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 16
KAZ
17
Су алып кетуден қорғау
Су алып кетуіне жол бермеу үшін, ыдыс жуу машинасы:
- қалыпсыз жағдайларда немесе құрылғының ішінен
су ағып кеткен кезде су көзін бұғаттайтын арнайы
жүйемен жабдықталған.
Сондай-ақ, кейбір үлгілер New Acqua Stop
*
деп аталатын қосымша қауіпсіздік құралымен
жабдықталған, ол тіпті кіріс түтігінің жыртылып
кеткенінде де су алып кетуден қорғайды.
ЕСКЕРТУ: ҚАУІПТІ КЕРНЕУ!
Судың кіріс түтігін ешбір жағдайда қиюшы болмаңыз,
себебі онда ток өтетін электр бөліктер бар.
Токқа жалғау
Айырды розеткаға қоспас бұрын, мына жағдайларға көз
жеткізіңіз:
Розетка жерге тұйықталған және ағымдағы
ережелерге сәйкес келеді.
Розетка құрылғының ең көп қуатына шыдай
алады. Бұл мән есіктің ішкі жағында орналасқан
деректер тілімшесінде көрсетілген («Құрылғының
сипаттамасы» деп аталатын тарауды қараңыз).
Ток желісінің кернеуі деректер тілімшесінде
көрсетілген мәндер ауқымында жатыр.
Розетка құрылғы айырына сәйкес келеді. Олай
болмаса, куәландырылған маманды шақыртып,
айырды ауыстырыңыз («Көмек» бөлімін қараңыз);
ұзарту кабельдерін немесе бірнеше розетканы
қолданбаңыз.
Құрылғы орнатылғаннан кейін, ток сымы мен
розеткаға оңай қол жеткізу мүмкін болуы тиіс.
Сымды майыстыруға немесе оған қысым салуға
болмайды.
Ток сымы зақымдалса, барлық ықтимал
қатерлерден сақтану үшін оны өндіруші немесе оның
Техникалық көмек көрсету қызметі ауыстыруы керек.
(«Көмек» бөлімін қараңыз)
Бұл ережелер орындалмаса, Компания кез келген
жағымсыз оқиғаларға жауапты болмайды.
Конденсациядан қорғайтын лента*
Ыдыс жуу машинасын орнатқаннан кейін, есікті
ашып, түзілуі мүмкін конденсациядан қорғау үшін
желімді мөлдір лентаны ағаш тартпаның астына
жабыстырыңыз.
Бірінші жуу циклына қатысты кеңес
Құрылғы орнатылғаннан кейін, бірінші жуу циклын
іске қоспас бұрын, тұз диспенсерін сумен толық
толтырыңыз да, содан кейін ғана оған шамамен 1
кг тұз қосыңыз («Шаюға көмекші зат және тұз»
деп аталатын тарауды қараңыз). Су асып төгілуі
мүмкін: бұл қалыпты жағдай және проблема емес. Су
қаттылығының мәнін таңдаңыз («Шаюға көмекші зат
және тұз» деп аталатын тарауды қараңыз). - Тұз
машинаға құйылғаннан кейін, ТҰЗ АЗ индикатор шамы
*
сөнеді.
Тұз контейнері толтырылмаса, нәтижесінде су
жұмсартқышы мен жылыту бөлігі зақымдалуы мүмкін.
* Тек кейбір үлгілерде бар.
Page view 16
1 ... 16 17 18 ... 40

Comments to this Manuals

No comments