Жоғарғы тартпаның биіктігін реттеу
Ыдыс-аяқты реттеуді жеңілдету үшін жоғарғы тартпаны
жоғары немесе төмен жылжытуға болады.
Жоғарғы тартпаның биіктігі негізінде ТАРТПА БОС
БОЛҒАНДА реттелуі керек.
Тартпаны тек бір жағынан көтеріп немесе төмендетіп
қоюшы болмаңыз.
Сол және оң бағыттауыш тірегіштерін
ашып, тартпаны суырып алыңыз; оны
қажетінше жоғары немесе төмен қарай
жылжытыңыз да, алдыңғы дөңгелектер
орнына келгенше бағыттауыштар
бойымен сырғытып, тірегіштерді
жабыңыз (суретті қараңыз).
Тартпа «Қос орын» тұтқаларымен
*
жабдықталған болса (суретті қараңыз),
жоғарғы тартпаны тоқтау нүктесіне
жеткенше суырыңыз да, тартпаның
бүйірлеріндегі тұтқалардан ұстап
оны жоғары немесе төмен қарай
жылжытыңыз, одан кейін орнына түскенше ақырындап
жіберіңіз.
Жоғарғы тартпа үшін жүктеу мысалдары
Төменгі тартпа үшін жүктеу мысалдары
Ыдыс жуу машинасында жууға болмайтын заттар
• Ағаш заттар, тұтқалары ағаштан жасалған немесе
жабыстырылған бөліктері бар нысандар.
• Алюминий, мыс, жез, қалайы-қорғасын қоспасы немесе
қалайыдан жасалған заттар.
• Қызуға шыдамайтын пластикалық материалдан жасалған
заттар.
• Көне немесе қолмен боялған фарфор.
• Көне күміс. Дегенмен, көне емес күмісті нәзік жуу циклын
қолдана отырып ыдыс жуу машинасында жууға болады,
бірақ ол басқа металдарға тимеуі тиіс.
Ыдыс жуу машинасында жууға болатын ыдыс-аяқты
пайдалануды ұсынамыз.
Тартпаларды жүктеу
* Тек кейбір үлгілерде бар.
** Саны мен орны әртүрлі болуы мүмкін.
Тартпаларды жүктемес бұрын, ыдыс-аяқтан барлық
тамақ қалдықтарын тазалаңыз және стақандар мен
шыныаяқтан сұйықтықтарды төгіңіз.
Ыдыстар орнында берік тұратындай және құлап
кетпейтіндей реттеңіз.
Құрылғыны жүктегеннен кейін, тозаңдатқыш өзекшелер
еркін жылжи алатынын тексеріңіз.
Төменгі тартпа
Төменгі тартпаға кастрөлдерді, қақпақтарды, тәрелкелерді,
салат ыдыстарын және т.б. салуға болады, бұл мына
мысалдарда көрсетілген: Жүктеу мысалдары.
Тәрелкелер мен кең қақпақтарды тартпаның шет жақтарына
салып, олар жоғарғы тозаңдатқыш өзекшенің бұрылуына
кедергі жасамайтынына көз жеткізу керек.
Кейбір ыдыс жуу машиналары
қайырмалы бөлімшелермен
*
жабдықталады, оларды тәрелкелерді
салған кезде тік қалыпта немесе
кастрөлдер мен салат ыдыстарын
салған кезде көлденең қалыпта
қолдануға болады.
Ыдыс-аяқ себеті
Ыдыс-аяқ себетінің түрі ыдыс жуу машинасының үлгісіне
байланысты әртүрлі болады: Ыдыс-аяқ себетін бекітілген
салынба заттар арасына сырғыту арқылы оны төменгі
тартпаның алдыңғы жағына немесе жартылай жүктеу
опциясы таңдалған кезде (бұл опциясы бар үлгілерде)
жоғарғы тартпаға қою керек.
- Ол жиналмалы
сырғыйтын жүйемен
жабдықталады, яғни
ыдыс-аяқты ең ыңғайлы
түрде реттеуге болады.
Өткір жиектері бар пышақтар және басқа құралдар
төмен қаратылып ыдыс-аяқ себетіне салынуы керек немесе
оларды жоғарғы тартпадағы қайырмалы бөліктерге
көлденең қоюға болады.
Ыдыс-аяқ себетін орналастыру мысалдары
Жоғарғы тартпа
Бұл тартпаға нәзік және жеңіл ыдыс-аяқты салыңыз:
стақандар, шәй мен кофе шыныаяқтары, кіші салат
ыдыстары, аса ластанбаған табалар мен кіші табалар.
Жүктеу мысалдарын нұсқау ретінде пайдаланыңыз.
• Саптыаяқтар мен шыныаяқтар, ұзын өткір пышақтар және
ас құралдар: бұларды қайырмалы бөліктерге салыңыз
**.
Comments to this Manuals