74
Шаюға көмекші
зат және тазаланған тұз
Ыдыс жуу машиналарына арналып жасалған
өнімдерді ғана қолданыңыз.
Ас тұзын, өндіріс тұзын немесе қолмен ыдыс жууға
арналған сұйықтықты пайдаланбаңыз.
Орамада берілген нұсқауларды орындаңыз.
Бірнеше функциясы бар өнімді қолданатын болсаңыз,
ешбір шаюға көмекші затты пайдаланудың қажеті жоқ.
Дегенмен, тұз қосқанды жөн санаймыз, әсіресе суы қатты
немесе өте қатты жерде тұратын болсаңыз.
(Орамада
берілген нұсқауларды орындаңыз).
Тұз немесе шаюға көмекші затты қоспасаңыз, ТҰЗ АЗ*
және ШАЮҒА КӨМЕКШІ ЗАТ АЗ индикатор шамдары
жанып тұра береді.
Шаюға көмекші затты өлшеу
Шаюға көмекші зат ыдыс-аяқты кебуін жеңілдетеді, себебі
су беттерінен жылдамырақ ағып кетеді және сондықтан
сызықтар немесе дақтар қалдырмайды. Шаюға көмекші зат
диспенсері мына жағдайларда толтырылуы тиіс:
• Басқару тақтасындағы ШАЮҒА КӨМЕКШІ ЗАТ АЗ
индикатор шамы* жанған кезде 1-2 циклға жететіндей
шаюға көмекші зат қоры әлі де болады;
1. Қақпақтағы тетікті басып, тарту арқылы «D» диспенсерін
ашыңыз;
2. Толтыратын жердің ең жоғарғы белгісіне дейін шаюға
көмекші затпен абайлап толтырыңыз - төгіп алмаңыз. Бұл
орын алса, төгілген сұйықтықты құрғақ шүберекпен дереу
сүртіп алыңыз.
3. Жабу үшін қақпақты «тық» еткенше басыңыз.
Шаюға көмекші затты құрылғының ішіне тікелей
ЕШҚАШАН құюшы болмаңыз.
Шаюға көмекші зат параметрі
Кептіру нәтижесіне толығымен қанағат болмасаңыз, шаюға
көмекші заттың мөлшерін реттеуіңізге болады. ҚОСУ/
ӨШІРУ түймесімен ыдыс жуу машинасын қосып, өшіріңіз.
Бастау/тоқтата тұру түймесін 3 рет басыңыз. ҚОСУ/ӨШІРУ
түймесінің көмегімен оны іске қосыңыз; параметр дисплейде
көрсетіледі
(зауыттық деңгейге орнатылған).
Шаюға көмекші зат беру деңгейін P түймесінің көмегімен
реттеңіз.
Параметрді сақтау үшін ҚОСУ/ӨШІРУ түймесін басыңыз.
Шаюға көмекші зат деңгейі НӨЛ болып орнатылса, шаюға
көмекші зат қосылмайды. Шаюға көмекші зат таусылса,
ШАЮҒА КӨМЕКШІ ЗАТ АЗ индикатор шамы жанбайды.
Ыдыс жуу машинасының үлгісіне байланысты ең көбі 4 деңгей
орнатуға болады.
• Ыдыс-аяқта сызықтар бар болса, төменірек санға
орнатыңыз (1-2).
• Ыдыс-аяқта су тамшылары немесе қақ дақтары болса,
жоғары санды орнатыңыз (3-4).
Судың қаттылығын орнату
Әрбір ыдыс жуу машинасы, дәл осы құрылғы түріне арналған
тазаланған тұзды пайдалана отырып ыдыс-аяқты жуу
үшін пайдаланылатын қақсыз суды қамтамасыз ететін су
жұмсартқышымен жабдықталады.
Бұл ыдыс жуу машинасында қоршаған ортаны ластауды
азайтуға көмектесетін параметр бар және ол мекеніңіздегі
судың қаттылығының деңгейіне сәйкес жуу өнімділігін
оңтайландырады. Бұл ақпаратты жергілікті су жеткізушісінен
алуға болады.
ҚОСУ/ӨШІРУ түймесімен ыдыс жуу машинасын қосып,
өшіріңіз. Сигнал естігенше Бастау/тоқтата тұру түймесін
басып, бірнеше секунд ұстап тұрыңыз. ҚОСУ/ӨШІРУ
түймесімен ыдыс жуу машинасын қосыңыз; дисплейде
орнатылған деңгей көрсетіледі
(су жұмсартқышы орташа
деңгейге орнатылған).
Су қаттылығының деңгейін P түймесінің көмегімен реттеңіз,
(1-2-3-4-5* су қаттылығының кестесін қараңыз)
ең көбі 5
деңгейге дейін.
Параметрді сақтау үшін ҚОСУ/ӨШІРУ түймесін басыңыз.
Тіпті бірнеше функциясы бар таблеткаларды қолдансаңыз
да, тұз диспенсерін толтырыңыз.
(°dH = Герман дәрежелерінде өлшенген қаттылық - °f =
Франсуз дәрежелерінде өлшенген қаттылық – ммоль/л = бір
литрдегі миллимоль)
Тазаланған тұзды өлшеу
Жуу циклын қолдануда барынша жақсы нәтижеге қол жеткізу
үшін, тұз диспенсері ешқашан бос болмайтынын қамтамасыз
етіңіз. Тазаланған тұз суды қақтан тазалайды, осылайды
ыдыс-аяқта тұнбалардың пайда болуына жол бермейді.
Тұз диспенсері ыдыс жуу машинасының төменгі бөлігінде
орналасқан
(«Сипаттама» бөлімін қараңыз) және мына
жағдайларда толтырылуы тиіс:
• Жасыл қалтқы* тұз диспенсерінің үстінен жай ғана
қарағанда көрінбейтін кезде;
• ШАЮҒА КӨМЕКШІ ЗАТ АЗ индикатор шамы басқару
тақтасында жанған кезде *;
1. Төменгі тартпаны шығарып алып,
қақпақты бұрап шығарып алыңыз (сағат
тіліне қарсы бағытта).
2. Мұны бірінші рет орындаған кезде: су
ыдысын шетіне дейін толтырыңыз.
3. Шұңғыманы қойып*
(суретті
қараңыз)
, тұз диспенсерін шетіне
дейін толтырыңыз (шамамен 1 кг). Аз
мөлшерде судың ағуы қалыпты жағдай.
4. Шұңғыманы алып тастап*, тесіктен тұз қалдықтарын сүртіп
алыңыз; қақпақты су ағыны астында шайыңыз да, қақпақтың
(жасыл қалтқысы бар қақпақ*) төменгі жағындағы (жұлдыз
пішініндегі) төрт кетіктен су ағып кетуі үшін, бетін төмен
қаратып бұраңыз.
Диспенсерге тұз қосқан сайын бұл процедураны
орындаған жөн.
Жуу циклы барысында контейнерге жуғыш зат кіріп
кетпейтіндей қақпақ мықтап жабылғанына көз жеткізіңіз
(әйтпесе, су жұмсартқышы жөндеуге келмейтіндей бұзылуы
мүмкін).
Қажет кезде, жуу циклынан бұрын тұзды өлшеп алыңыз,
солайша тұз диспенсерінен шыққан кез келген тұз ерітіндісі
жойылады.
* Тек кейбір үлгілерде бар.
Су қаттылығының кестесі
Тұз диспенсерінің
сыйымдылығының
орташа мерзімі**
деңгей °dH °fH ммоль/л ай
1 0 - 6 0 - 10 0 - 1 7 ай
2 6 - 11 11 - 20 1,1 - 2 5 ай
3 12 - 17 21 - 30 2,1 - 3 3 ай
4 17 - 34 31 - 60 3,1 - 6 2 ай
5
*
34 - 50 61 - 90 6,1 - 9 2/3 апта
0°f мен 10°f аралығындағы мәндер үшін тұзды қолдану
ұсынылмайды.
* «5» параметрі цикл мерзімін ұзартуы мүмкін.
** күніне 1 жуу циклы.
Comments to this Manuals