Сақтандырулар мен кеңестер
!
Бұл құрылғы халықаралық қауіпсіздік
стандарттарына сай жасақталып, дайындалған.
Төмендегі ескертулер қауіпсіздік ережелерін ескерту
мақсатында берілген және оны мұқият оқып шығу
қажет.
Жалпы қауіпсіздік
• Құрылғы үйде қолдануға арналған, оны
коммерциялық немесе өндірістік тұрғыда
қолдануға болмайды.
• Жабық жер болса да, құрылғыны сыртта қолданбау
қажет. Құрылғыны қорғаусыз жаңбыр мен боранда
қалдыру аса қауіпті.
• Құрылғыны жалаң аяқ немесе ылғал не дымқыл
қолмен, аяқпен түртпеңіз.
• Құрылғыны кітапшада берілген нұсқауларға
сай, тек ересек адамдар ғана тағам дайындау
мақсатында пайдалануы тиіс. Құрылғыны
басқа түрде пайдалану (мысалы, бөлмені
жылыту үшін) дұрыс емес әрі қауіпті.
Құрылғыны тиісті, дұрыс және саналы түрде
пайдаланбау нәтижесінде пайда болған кез
келген зақымға өндіруші жауапты болмайды.
• Нұсқау кітапшасы 1-класс (оқшауланған) немесе
2-класс 1-субкласс (2 шкаф арасына орнатылған)
құрылғымен бірге беріледі.
• Құрылғыны пайдаланған уақытта қыздыру
элементтерін немесе пеш есігінің белгілі
бөліктерін ұстамаңыз, бұл бөліктер қатты
қызады. Құрылғыны балалар қолы жетпейтін
жерге қойыңыз.
• Басқа электр құрылғыларының кабельдері пештің
ыстық бөліктеріне тимейтінін тексеріңіз.
• Желдету және ыстықты салқындатуға арналған
ашық жерлерді ешқашан жаппау керек.
• Пешке асханалық ыдысты қоярда немесе
оны алған кезде әрдайым пеш қолғаптарын
пайдаланыңыз.
• Құрылғыны пайдаланған кезде оның жанында
жанғыш сұйықтықтарды (спирт, бензин, т.б.)
қолданбаңыз.
• Төменгі сақтау бөлігіне немесе пештің өзіне
жанғыш материалдар салуға болмайды.
Байқаусызда құрылғы қосылса, бұл заттар
тұтануы мүмкін.
• Бөліктің (бар болса) ішкі беттері қызып кетуі
мүмкін.
• Құрылғыны қолданбағанда тұтқалар
•
позициясында тұрғанын тексеріңіз.
• Құрылғыны өшіргенде розеткадан әрдайым
айырғышты ұстап тартыңыз, кабельден тартып
суырмаңыз.
• Құрылғыны электр желісінен ажыратпай ешқашан
тазалау немесе күтім көрсету жұмыстарын
жасамаңыз.
• Егер құрылғы істен шыққан болса, ешбір жағдайда
жөндеу жұмысын өзіңіз жасамаңыз. Тәжірибесіз
адам тарапынан жасалған жөндеу жұмыстарынан
құрылғының істен шығуы немесе жарамсыз
болып қалуы мүмкін. Көмек көрсету бөліміне
хабарласыңыз.
• Ашық пештің есігіне ауыр заттарды қоймаңыз.
• Құрылғыны физикалық, сезімталдық және
психикалық қабілеттері төмен адамдар (балалар
да кіреді), тәжірибесіз немесе өнімнен хабары
жоқ кез келген адамның қолданбауы тиіс.
Мұндай адамдарға, кем дегенде, қауіпсіздіктерін
қамтамасыз ететін біреулер жетекші болуы керек
немесе құрылғының жұмысына қатысты кіріспе
нұсқаулары берілуі тиіс.
• Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат етпеңіз.
Қоқысқа тастау
• Орау материалдарын тастаған кезде: ораманың
қайта пайдаланылуы мүмкін болатындай
жергілікті заңды қадағалаңыз.
• Электр және электроникалық құралдардың
қалдықтарына (WEEE) қатысты 2002/96/EC
Еуропа заңнамасына сәйкес үй құрылғылары
қалыпты қатты қалалық қалдық айналымын
пайдаланып жойылмауы тиіс. Қоршаған орта мен
халық денсаулығына тиетін зиянның алдын ала
отырып, жарамсыз құрылғылар қайта пайдалану
мен машина ішіндегі материалдарды өңдеу
құнын оңтайландыру мақсатында бөлек жиналуы
керек. Барлық өнімдердегі сызылған қоқыс жәшігі
өнім иесінің бөлектелген қоқыс жинауға қатысты
міндетін еске салады.
Жарамсыз үй құрылғыларын дұрыс жоюға
қатысты қосымша ақпарат алу үшін өнім иелері
халыққа қызмет көрсету орталығына немесе
олардың жергілікті өкілдеріне хабарласа алады.
Қоршаған ортаны сақтау және қорғау
• Пешті таңертең ерте немесе түстен кейін кешірек
пайдалану арқылы электр қуатын қамтамасыз
етуші желілік компаниялардың ең жоғары
жүктемесін азайтуға көмектесе аласыз.
• GRILL (ГРИЛЬ) және GRATIN (ГРАТИН) режимдері
пайдаланылғанда пеш есігін әрқашан жауып қою
қажет. Бұл энергияны сақтай отырып (шамамен
10%), жақсы нәтижеге жеткізеді.
• Есік тығыздағыштарын жиі тексеріңіз, олар есікке
тығыз келетіндей етіп, қалдық болмауы үшін
тазалап сүртіп тұрыңыз, осылайша ыстықтың
сыртқа шығуын болдырмайсыз.
43
KZ
Comments to this Manuals