50
KZ
Сақтандырулар мен кеңестер
!
Бұл құрылғы халықаралық қауіпсіздік стандарттарына
сай жасақталып, дайындалған. Төмендегі ескертулер
қауіпсіздік ережелерін ескерту мақсатында берілген
және оны мұқият оқып шығу қажет.
Бұл құрылғы Еуропа экономикалық
қауымдастығының келесі нұсқауларына сай
келеді:
- 2006 жылғы 12-сәуірдегі 73/95/EEC (төмен кернеу
туралы) директивасы және одан кейінгі түзетулер;
- 2004 жылғы 15-желтоқсандағы 2004/108/EEC
(электромагниттік үйлесімділік туралы) директивасы
және одан кейінгі түзетулер;
-1993 жылғы 22-шілдедегі 93/68/EEC директивасы
және одан кейінгі түзетулер;
- 1275/2008 күту/өшірулі режимге байланысты директива.
Жалпы қауіпсіздік
! Желдеткіш торының артындағы ауа кіретін жер
ешқашан жабылмауын қамтамасыз етіңіз. Шынында,
ендірілген плитаға, құрылғыда қолданылатын
электрондық құрамдас бөліктерді суыту үшін
қолайлы желдету берілуі тиіс.
• Құрылғы үйде қолдануға арналған, оны
коммерциялық немесе өндірістік тұрғыда
қолдануға болмайды.
• Жабық жер болса да, құрылғыны сыртта
қолданбау қажет. Құрылғыны қорғаусыз жаңбыр
мен боранда қалдыру аса қауіпті.
• Құрылғыны жалаң аяқ немесе қол-аяғыңыз ылғал
болғанда ұстамаңыз.
• Құрылғыны кітапшада берілген нұсқауларға
сай, тек ересек адамдар ғана тағам дайындау
мақсатында пайдалануы тиіс. Плитаны үстелдің
үстіңгі тақтайы немесе азық-түлік бөлетін тақтай
ретінде пайдаланбаңыз.
• Шыны керамикалық плита соққыларға шыдамды,
бірақ ол қатты істік затпен ұрғанда жарылып (тіпті
сынып) кетуі мүмкін. Егер мұндай жағдай болса,
құрылғыны дереу электр тоғынан суырып қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз.
• Басқа электр құрылғыларының электр кабельдері
плитаның ыстық бөліктеріне жақындамайтынына
көз жеткізіңіз.
• Пісіру аймақтары сөндірілгеннен кейін кемінде
отыз минут салыстырмалы түрде ыстық
болатынын есте сақтаңыз. Қалдық қызу бар
болған кезде индикатор шамы ескерту береді
(«Қосу және пайдалану» бөлімін қараңыз).
• Еритін заттарды плитадан алыс ұстаңыз, мысалы
пластмасса, алюминий немесе құрамында
көп қанты бар өнімдер. Пластикалық үлдірді,
алюминий фольгасын немесе қаптамаларды
қолданғанда аса мұқият болыңыз: егер оларды
әлі ыстық беттерге қойсаңыз, олар плитаны қатты
зақымдауы мүмкін.
• Байқаусыздықтан күйіп қалмау үшін табалардың
тұтқаларын әрдайым плитаның ортасына қарай
бұрып қойыңыз.
• Құрылғыны өшіргенде розеткадан әрдайым
айырғышты ұстап тартыңыз, кабельден тартып
суырмаңыз.
• Құрылғыны электр желісінен ажыратпай ешқашан
тазалау немесе күтім көрсету жұмыстарын
жасамаңыз.
• Құрылғыны физикалық, сезімталдық және
психикалық қабілеттері төмен адамдар (балалар
да кіреді), тәжірибесіз немесе өнімнен хабары
жоқ кез келген адамның қолданбауы тиіс.
Мұндай адамдарға, кем дегенде, қауіпсіздіктерін
қамтамасыз ететін біреулер жетекші болуы керек
немесе құрылғының жұмысына қатысты кіріспе
нұсқаулары берілуі тиіс.
• Бар болса, пісіру аймақтарында галоген
шамдарына ұзақ қарамаңыз.
• Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат етпеңіз.
• Плитаға металдан жасалған заттарды (пышақтар,
қасықтар, таба қақпақтары, т.б.) қоймаңыз, себебі
олар қызып кетуі мүмкін.
• Құрылғы сыртқы таймермен немесе бөлек
қашықтан басқару жүйесімен пайдаланылуға
арналмаған.
Қоқысқа тастау
• Орау материалдарын тастаған кезде: ораманың
қайта пайдаланылуы мүмкін болатындай
жергілікті заңды қадағалаңыз.
• Электр және электроникалық құралдардың
қалдықтарына (WEEE) қатысты 2002/96/EC
Еуропа заңнамасына сәйкес үй құрылғылары
қалыпты қатты қалалық қалдық айналымын
пайдаланып жойылмауы тиіс. Қоршаған орта мен
халық денсаулығына тиетін зиянның алдын ала
отырып, жарамсыз құрылғылар қайта пайдалану
мен машина ішіндегі материалдарды өңдеу
құнын оңтайландыру мақсатында бөлек жиналуы
керек. Барлық өнімдердегі сызылған қоқыс жәшігі
өнім иесінің бөлектелген қоқыс жинауға қатысты
міндетін еске салады.
Жарамсыз үй құрылғыларын дұрыс жоюға
қатысты қосымша ақпарат алу үшін өнім иелері
халыққа қызмет көрсету орталығына немесе
олардың жергілікті өкілдеріне хабарласа алады.
Comments to this Manuals