Indesit VRM 641 MD IX Instruction for Use Page 67

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 76
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 66
67
KZ
Күтім және техникалық
қызмет көрсету
Құрылғыны өшіру
Кез келген бір жұмысты бастамастан бұрын
құрылғыны токтан ажыратыңыз.
Құрылғыны тазалау
!
Қырғыш немесе таттандыратын тазартқыш
заттарды (мысалы, барбекю жасайтын құралдар
мен пештерді тазалауға арналған спрейлер), дақ
кетіргіштерді, тат кетіргіштерді, ұнтақ тазартқыш
заттарды немесе қырғыш беттері бар губкаларды
пайдаланбаңыз: олар құрылғы беттерін біржола
сызып тастауы мүмкін.
!
Құрылғыны ешқашан бу тазартқышымен немесе
шаңсорғышпен тазаламаңыз.
Әдетте, плитаны дымқыл губкамен жуып, сорғыш
ас үй сүлгісімен құрғату жеткілікті.
Плита өте кір болса, оны арнайы шыны
керамиканы тазалау затымен ысқылап, одан кейін
жақсылап шайыңыз да, кептіріңіз.
Сонда да кетпей қойған кірден тазалау үшін
қолайлы қырғышты пайдаланыңыз. Төгілген тамақ
қатып қалмауы үшін, құрылғының суғанын күтпей-
ақ, оны дереу сүртіп алыңыз. Шыны керамикалық
беттерге арналған, тот баспайтын болат
сымдарынан жасалған губканы сабын суға малып
жуу арқылы жақсы нәтижеге қол жеткізе аласыз.
Егер плита үстінде пластикалық немесе
құрамында қант бар заттар байқаусыз ерітілсе,
ллита беті әлі ыстық кезде оларды қырғышпен
дереу алып тастаңыз.
Тазалағаннан кейін, плитаны арнайы қорғағыш
күтім өнімімен өңдеуге болады: бұл өнім
қалдыратын көзге көрінбейтін үлдір плитаның
бетін пісіру кезінде таматын тамшылардан
қорғайды. Бұл күтім процедурасын құрылғы жылы
(ыстық емес) немесе суық кезде орындау керек.
Құрылғыны таза сумен шайып, жақсылап кептіруді
ұмытпаңыз: қалдықтар кейін пісірген кезде
жабысып, қатып қалуы мүмкін.
Тот баспайтын жақтау (тек сыртқы жақтауы бар
модельдерде)
Тот баспайтын болатқа оның бетінде ұзақ уақыт
тұрған қаттылығы жоғары су немесе құрамында
фосфор бар тазалағыш заттар дақ түсіруі мүмкін.
Тазалағаннан кейін, бетті жақсылап шайып,
кептірген жөн. Бетке су төгілсе, оны тез әрі
жақсылап кептіріңіз.
!
Кейбір плиталарда тот баспайтын болатқа ұқсас
алюминийден жасалған жақтау болады. Алюминийге
қолдануға келмейтін ешбір тазалағыш немесе май
жоятын өнімдерді пайдаланбаңыз.
Плитаны бөлшектеу
Плитаны бөлшектеу қажет болса:
1. Әр жағында туралау серіппелерін ұстап тұрған
бұрандаларды босатыңыз.
2. Әр бұрышында бекіту ілмектерін ұстап тұрған
бұрандаларды босатыңыз.
3. Плитаны орнату қуысынан шығарып алыңыз.
!
Құрылғыны өз басыңызбен жөндеуге тырыспаңыз.
Құрылғы бұзылса, қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Үлгілердің техникалық сипаттамасы
Бұл кестеде барлық үлгілер үшін қуат сору мәндері, қыздыру элементтерінің түрі және әрбір пісіру
аумақтарының диаметрі берілген.
Плиталар VRM 641 D C
VRM 641 D X
VRM 641 MD IX
VRM 641 MD C
VEM 645 C
Пісіру аумағы Қуат (Вт) Диаметр (мм) Қуат (Вт) Диаметр (мм)
Артқы сол жақ HD 2200/1000 210/140 A 2200 210
Артқы оң жақ H 1400 160 H 1400 160
Алдыңғы сол жақ H 1200 145 H 1200 145
Алдыңғы оң жақ H 1800 180 H 1800 180
Толық қуат 6600 6600
Плиталар VRM 640 C
VRM 640 X
VRM 640
VRM 640 M IX
VRM 640 M C
VRM 630 C
VRM 630 M C
Пісіру аумағы Қуат (Вт) Диаметр (мм) Қуат (Вт) Диаметр (мм)
Артқы сол жақ H 1800 180 H 2300 210
Артқы оң жақ H 1400 160 H 1400 160
Алдыңғы сол жақ H 1200 145
Алдыңғы оң жақ H 1800 180 H 1800 180
Толық қуат 6200 5500
Шартты белгілер:
H = бір конфорка
HD = қос конфорка
A = бір галоген
Page view 66
1 2 ... 62 63 64 65 66 67 68 69 70 71 72 ... 75 76

Comments to this Manuals

No comments