Indesit K6E11(W)/R Instruction for Use Page 55

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 60
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 54
KZ
55
Қосу және пайдалану
*
Тек белгілі үлгілерде болады.
Пешті қолдану
! Құрылғыны алғаш рет пайдаланғанда оны бос
күйінде есігін жауып, ең жоғарғы температурада
кемінде жарты сағаттай қыздырыңыз. Пешті
өшіріп, оның есігін ашпастан бұрын бөлменің
жақсы желдетілгенін тексеріңіз. Өндіру кезінде
қолданылған қорғағыш заттардың жанып кетуіне
байланысты жеңіл жағымсыз иіс шығуы мүмкін.
! Өнімді пайдаланбас бұрын құрылғының
бүйірлеріндегі барлық пластикалық үлдірлерді алып
тастаңыз.
1. СЕЛЕКТОР тұтқасын бұрау арқылы қажетті тағам
дайындау режимін таңдаңыз.
2. ТЕРМОСТАТ тұтқасын бұру арқылы пісіру
режиміне ұсынылатын температураны немесе
қажетті температураны таңдаңыз.
Пісіру режимдері мен ұсынылатын пісіру
температураларын сипаттайтын тізімді қатысты
кестеден табуға болады («Пеште тағам пісіру
бойынша кеңестер кестесін» қараңыз).
Тағам дайындау кезінде әрқашан мына әрекеттерді
орындауға болады:
ТАҢДАУ тұтқасын бұрау арқылы қажетті тағам
дайындау режимін өзгерту.
ТЕРМОСТАТ тұтқасын бұрау арқылы
температураны өзгерту.
Толық пісіру уақытын және пісіруді аяқтау уақытын
орнату (төмендегі мәтінді қараңыз).
ТАҢДАУ тұтқасын «0» позициясына бұрап, тағам
дайындауды тоқтату.
! Ешқашан пештің астыңғы жағына зат қоймаңыз;
бұл эмальді қабатты зақымдайды. Гриль-бар
істігімен пісірген кезде пеште тек 1-позицияны
қолданыңыз.
! Әрқашан асхана ыдыстарын берілген тартпа(лар)
ға қойыңыз.
Тағам дайындау режимдері
Конвекция режимі
60°C мен Ең жоғары арасындағы термостат
тұтқасының позициясы
Бұл параметр орнатылғанда жоғарғы және төменгі
қыздыру элементтері қосылады. Бұл мінсіз қалыпқа
жетілдірілген пештің классикалық, дәстүрлі түрі,
ол керемет қызу таратуы мен аз қуат тұтынуды
қамтамасыз етеді. Конвекциялық пеш басқаларына
қарағанда қабырға мен қырыққабат, испан мәнерінде
дайындалған нәлім, Анкона мәнерінде қақталған
балық, күріш пен жұмсақ бұзау етінің тілімдері, т.б.
сияқты бірнеше ингредиенттен тұратын тағамдарды
пісіру жағынан әлі жоғары деңгейде. Баяу пісіруді
және қуырған кезде соус не сұйықтық қосуды қажет
ететін бұзау етіне немесе сиыр етіне негізделген
тағамдарды (бұқтырылған ет, бұқтырылған
тағамдар, гуляш, жабайы құс еті, қой еті және т.б.)
дайындаған кезде де өте жақсы нәтиже береді.
Дегенмен, ол торт пен жеміс пісіруге, сондай-ақ
пеште пісіруге арналған кіші табақтармен жауып
пісіруге қолданылатын ең жақсы жүйе болып
табылады. Конвекция режимінде пісірген кезде,
бір уақытта тек бір тұтқалы табаны немесе пісіру
тартпасын пайдаланыңыз, әйтпесе қызу біркелкі
таралмайды. Қолдануға болатын әртүрлі тартпа
биіктіктерін пайдалану арқылы пештің жоғарғы және
төменгі жағынан берілетін қызуды реттеуге болады.
Тағам жоғарыдан қаншалықты қызу қажет ететініне
байланысты әртүрлі тартпа биіктіктерінен таңдаңыз.
Кондитер тағамдары режимі
Термостат тұтқасын мынадай орнатыңыз: 60°C пен
Ең жоғары арасына
Астыңғы қыздыру элементі іске қосылады.
Бұл режим жеңіл тағамдарды, әсіресе көтерілетін
торттарды (себебі астыдан келетін ыстық ашу
процессіне көмектеседі) пісіруге өте ыңғайлы.
Жоғарғы температураларға жету үшін едәуір уақыт
кетеді, сондықтан бұндай жағдайларда «Конвекция
режимін» пайдалану ұсынылады.
«Жоғарғы» пеш
Термостат тұтқасын мынадай орнатыңыз: 60°C пен
Ең жоғары арасына
Үстіңгі қыздыру элементі іске қосылады.
Бұл режимді тағамды дайындаудың аяғында
қызарту үшін пайдалануға болады.
Гриль
Термостат тұтқасын мынадай орнатыңыз: Ең жоғары
Үстіңгі орта қыздыру элементі іске қосылады.
Грильдің аса жоғары әрі тіке температурасы
ет пен қақталған етті жұмсақ түрде қалдыру
үшін нәрін ішінде ұстай отырып, олардың бетін
қызартуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, жоғары бет
температурасын қажет ететін тағамдарға грильді
пайдаланған абзал: бифштекс, сиыр еті, қабырға
стейкі, белдеме, гамбургерлер және т.б...
Кейбір мысалдар «Тағам дайындау бойынша кеңес»
параграфында берілген.
Page view 54
1 2 ... 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59 60

Comments to this Manuals

No comments